» » Тарихты білу – өткен жолыңды зерделеу

Тарихты білу – өткен жолыңды зерделеу


«Еркіндігім. Қасиеттім. Қастерлім,
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа,Еркіндік. Қош келдің»
Осылайша ақын Қалқаман Сарин ағамыз жырлағандай, бұл еркіндік бізге оңай келген жоқ. Ата-бабаларымыздың қаны мен жанын құрбан етіп,елі мен жерін қорғау нәтижесінде жеткен еркіндігіміз болды. Тарихымызға үңілер болсақ, еліміз тәуелсіздікке жету жолында көптеген оқиғаны бастан кешкен. Сонау, көшпелілер дәуірінде Қытай империясымен, орта ғасырларда Моңғолия империясымен, кейінгі орта ғасырларда Жоңғар елімен, ғасырларға созылған шайқастар.... Оның соңы Ресейдің отарлау саясатына қарсы Ұлтазаттық қозғалыстар мен халық көтерілістерінің нәтижесінде еңсерген еркіндігіміз болды. ХІІІ ғасырдың ортасы мен ХV ғасырдың ортасында, моңғол шапқыншылығынан кейін, Шыңғыс ханның төрт ұлына, мұраға бөліп берген қазақ жерлерінің ішінде Жошы ұлысында құрылған Алтын Орда мемлекеті, қазақ хандығының құрылуының батамасы болды.
Алтын Орда мемлекетінің негізін қалаушы, Шыңғыс ханның Жошыдан тараған сүйікті немересі – Батый хан болды. Оған дәлел келтірер болсақ, Шыңғыс хан немерелеріне арнап киіз үй тігіп қоятын болған және оның алтын босағалы Ақ Орданы Батыйға, күміс босағалы Көк Орданы Орда Еженге, болат босағалы Боз Орданы Шайбанға арнайы тіктірген. Осыдан соң барлығы тақ мұрагері ретінде аталарының таңдауы Батыйға түскенін білген. Батый – Жошы ұлысында құрылған, Алтын Орда мемлекетін 1227-1255 жылдары басқарды. Батый хан –Жошы ханның мұрагері. Батый ханды қазақ жазба деректерінде: «Сайын хан»(«адал», «жұмсақ») деп атайды. Батый ханды мұсылман деректерінде, оның мұсылмандарға әділ және қамқоршысы болғанын, діни ғимараттар салдырғанын жазған. Батый хан атасының «Яса» заңдар жинағын қатаң қадағалап, моңғол империясының құрылтайын өткізіп, Ұлы хан Мөңкенің атынан ақша шығарған. Алтын Орда мемлекетінің гүлденіп, экономикасының дамуына өз үлесін қосып, Алтын Орда тарихында тыныштық пен тұрақтылық орнаған уақыт ретінде белгілі болды. Алтын Орданы басқарған әрбір ханның алатын орны ерекше болды. Алтын Орданың орталығы Батый хан тұсында, Сарай-Бату болды. Батыйдан кейін мұрагері Берке хан келді, ол мемлекетті 1257-1266 жылдары басқарды. Берке ханның тұсында Алтын Орда тәуелсіз мемлекет ретінде, өз дербестігін алды. Себебі, Берке хан жалпы Еуразия даласында беделді хан болды, Батый ханның 1236-1242 жылдардағы Батысқа жорығының нәтижесінде Шығыс Еуропа мен Орыс княздіктерінің жерлері моңғолдарға, Алтын Орда мемлекетіне алым-салық төлейтін тәуелділікке түсіп қалуы, Берке ханның тұсында Алтын Орда мемлекетінің беделін арттырды. Сонымен қатар, 1259 жылы Ұлы хан Мөңкенің қайтыс болуына байланысты моңғол империясы бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге бөлініп кетті және Берке ханның моңғол құрылтайларына қатыспай, өз атынан ақша шығаруы, осы жылы Алтын Орда мемлекетінің өзінше дербес мемлекет болып құрылуына алып келді. Беркеден соң, Меңгу Темір 1266-1280 жылдары ел басқарды, 1290-1312 жылдары Тохты хан билік етті, 1312-1342 жылдары Өзбек хан билік еткен жылдар болды. Өзбек ханның тұсында Алтын Орда мемлекеті ислам дінін қабылдады. Өзбек хан қайтыс болған соң, оның ұлы Жәнібек хан 1342-1357 жылдар Алтын Орданы билеп отырды. Жәнібек ханның тұсында елде оба ауруы тарап, мемлекеттің әлсіреуіне әсер етті. Жәнібек ханның ұлы Бердібектің өз әкесіне жасаған қастандығының нәтижесінде 20 жылда 25 ханның ауысқан «Дүрбелең жылдар» орын алды. Орыс княздіктері осындай жағдайды пайдаланып, керісінше Алтын Орданы өздеріне бағынышты етуі мен Әмір Темірдің тоқтаусыз жорықтары Алтын Орда мемлекетінің құлап, ыдырауына алып келді. Батый хан жеті жылдық жорықтан келген уақытында, ағасы Орда Ежен мен інісі Шайбанға бөліп берген жерлері, алғашында Орда Ежен ұлысы деп аталса, кейіннен Ақ Орда деп аталды. Жалпы қазақ хандары Жошыдан тараған ұрпақтарынан шықты. Соның ішінде Ақ Орда билеушісі Орда Еженнен тараған, Ұрыс хан, одан Барақ хан, ал Барақ ханнан Қазақ хандығының негізін қалаушы Жәнібек болды, Әз-Жәнібектен қазақ хандары таралған. Міне, бұл біздің тарихымызда Алтын Орда мемлекетінің маңызды роль атқаратындығының дәлелі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Ұлытау – 2019" халықаралық туристік форумында осы қасиетті жерді барша әлемге таныту қажеттігін айтқан еді. Осы орайда, президент ұлы ханның үлкен ұлы – Жошы мазары қазақ жерінде тұрғанын бүгінде еліміздегі және шетелдегі жұртшылықтың көбі біле бермейтінін жеткізді. Сондықтан Алтын орда негізін қалаған Жошы ханның есімін ұлықтауды міндетті түрде қолға алу қажеттігін айтты."Оның тарихи тұлғасына әлемнің назарын аударып, кесенесін мәдени туризм нысанына айналдыру – өте маңызды міндет. Ұлытау – халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризм орталығы болуы тиіс. Бұл жұмыстар Алтын орданың 750 жылдығын мерекелеу аясында басталуы керек" деп атап көрсетті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Әрине, тарихын білген адам ешқашан жолынан адаспайды, сондықтан да осындай керемет тарихы бар жерлерді, бүкіл әлемге таныту біздің міндетіміз деп білемін.

Г.ДОСАМАНОВА,
Жанқожа батыр атындағы №269
мектептің мұғалімі


21 желтоқсан 2020 ж. 862 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 285

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 380

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930