» » «Тарихи өлкетану және жойылу қаупіндегі этнографиялық ескерткіштерді іздеу, қорғау, сақтау»

«Тарихи өлкетану және жойылу қаупіндегі этнографиялық ескерткіштерді іздеу, қорғау, сақтау»

qarmaqshy-tany.kz Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің этнограф ғалымдарының ұйымдастыруымен «Қазақстанның шөлді атыраптарының егіншілік – мал шаруашылық ландшафтарын этнографиялық және геоархеологиялық зерттеу: игеру мен бос қалдырулардың тарихи себептері» атты іргелі ғылыми – зерттеу жобасы аясында Қармақшы аудандық тарихи – өлкетану музейінде «Тарихи өлкетану және жойылу қаупіндегі этнографиялық ескерткіштерді іздеу, қорғау, сақтау» атты ғылыми семинар өткізген болатын. Ғылыми семинарға жергілікті тарихшы, өлкетанушылар мен музей меңгерушісі, ғылыми қызметкерлері, әдіскерлер, экскурсовод, суретші мен музей қор сақтаушысы қатысты.
Семинарда туған жеріміздің этнографиясы, салт – дәстүріміз бен ескірген әдет – ғұрыптарымыз жөнінде пікірлер айтылды. Этнограф ғалымдар зерттеу барысындағы деректерімен бөлісіп, музей қызметінің бағыт – бағдарына ғылыми тұрғыда ұсыныс білдіріп, ойларын ортаға салып, өздерінің сұрақ-жауаптармен семинар барысын қызықтыра түсті. Семинар соңында музей қызметкерлері сертификаттар иеленді.
«Қт» ақпарат.
22 қараша 2022 ж. 885 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 079
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 291

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031