» » Дөңгелек үстел

Дөңгелек үстел

Сырдария өзенінің төменгі ағысымен, Арал теңізі аймағындағы халықтардың этнографиясын зерттеу барысында Қармақшы өлкесінде іс-сапарда жүрген этнограф ғалымдар, тарих ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, этнограф ғалым Тәттігүл Қартаева және PhD доктор, этнограф ғалым Айнұр Бейсегуловалар Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейіне арнайы келіп, зерттеу барысындағы деректерімен бөлісіп, музей қызметінің бағыт-бағдарына ғылыми тұрғыда ұсыныс пікірлерін айтты.
Жалпы музей қонақтары, яғни этнограф ғалымдардың жұмыстары жергілікті тұрғындармен сұхабаттасу арқылы зерттеу жұмыстарын жүйелейді.
Музей аудиториясының сұранысына сәйкес музей қорын тарихи деректермен толықтырып отыру, музей қызметінің негізгі бағыттарының бірі.
Осындай негіздерге сүйене отырып, музей қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес этнограф ғалымдар, жергілікті жерден өлкетанушы, шежіреші және музей қызметкерлерінің қатысуымен музейде дөңгелек үстел (подкаст) ұйымдастырылды.
Айтулы шараға ардагер журналист, өлкетанушы Шегебай Құндақбаев, ардагер ұстаз, өлкетанушы Уақытбек Сұңғатов, ардагер шежіреші, өлкетанушы Әбдікәрім Құдабаевтар қатысып, этнограф ғалымдармен өлке тарихына қатысты сұхбат, пікір алмасулар болды.
Шара барысында ақсақалдарымыздан этнограф ғалымдар зерттеу нысандарына қатысты қажетті деректерін алып, өз тараптарынанда ғылыми дәлелденген мағлұматтарымен бөлісті.
17 маусым 2022 ж. 843 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 596
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 376

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031