» » «Бақытты отбасы» марафоны

«Бақытты отбасы» марафоны

qarmaqshy-tany.kz Ү.К.Томанов атындағы №183 орта мектебінде ағымдағы жылдың 14-18 қараша күндері аралығында «Бақытты отбасы» марафоны өткізілді.
Мақсаты: отбасылық ынтымақтастықты, бірлікті нығайту. Бір-біріне деген сыйластықты, отбасылық құндылықтарды арттыру болып табылады.
Берілген бірінші тапсырма: «Менің отбасым-менің қамалым» отбасылық әлеміңіздің суретін немесе символын салып, отбасылық ережелерді және қалыптасқан дәстүрлерді жазу немесе суреттеу болатын.
Екінші тапсырма: оқушылар мен ата-аналар «Менің бақытты отбасым» тақырыбында өздерін видеоролик  арқылы таныстыру. Отбасына деген сүйіспеншілігін білдіре отырып, таныстыру.
Ал, үшінші тапсырма жоспарға сәйкес «Шежіре» тақырыбы берілді.  Отбасы шежіресіне деген құштарлық, отбасылық тарих туралы көбірек білуге деген талпыныс адамның өмірінің кез-келген сәтінде туындауы мүмкін. Көбінесе бұл дағдарысты, сыни жағдайларда, біз өзімізді жақсырақ түсінуге және отбасымыздың өткеніне жүгінуге тырысқанда, өзімізден ресурстар іздейтіні жайлы.
Фотосуреттерді бірлесіп көру:
- Ата-бабаларын және отбасы тарихын біруге көмектесу;
- Отбасының тұтастығы мен бірлігін нығайту;
- Сол оң эмоцияларды, бақытты сәттерін, фотосуретттерде көрсетілген естелік сәттерді қайта бастан өткізуге көмектесу;
- Бақытты болашаққа сенімділік беру мүмкін;
Тапсырма: қатысушыларға отбасылық фотосуреттерді қайта қарау, естелік суреттерді еске алу, ата-бабалары мен туған-туыстары туралы айту ұсынылады. Содан кейін, барлық отбасының әжелеріне, аталарына, отбасылық достарына, алыс туыстарына немесе болашақ ұрпақтарына хат жазу ұсынылады. Отбасылық суреттерді көрген кезде, хаттар жазған кезде сізде қандай сезімдер мен эмоциялар болғаны туралы айту.
Берілген төртінші тапсырма«Тәттілер күні» деп аталады. Тәтті адамның бақыт гормонынның деңгейін көтеруге көмек береді. Бүгін ата-ана мен балалар бірігіп тәтті бәліштер, кекс т.б. пісірді. Пісірген тәттілерімен отбасылық дастарханда жақындарымен бөлісті.
Марафон жоспарына сәйкес барлық тақырыптар мен жұмыстарды ата-аналар мен балалар жоғары дәрежеде қызығушылық таныта отырып, белсенді қатысты. Марафон қорытындысы бойынша әрбір қатысқан отбасылар марапатталып, сыйлықтар табысталды.
21 қараша 2022 ж. 688 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031