Мәслихаттар сайлауы
» » «Жанұяммен мақтанамын»

«Жанұяммен мақтанамын»

ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасына сәйкес, 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында «Отбасы сағаты» республикалық акциясы қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасын, ата-анасын, туыстарымен жақындарын бағалау, құрметтеу сезімдерін кеңейту, отбасындағы қарым-қатынастың беріктілігін нығайту және ұрпақтар сабақтастығын дамыту жөніндегі жұмыстарды жүргізу мақсатында Қармақшы аудандық білім бөлімінде жұмыстар жүргізілді. №277 мектепте 1-4 сыныптарда сынып сағаттары өткізіліп, ата-аналарға арналған әдеби-музыкалық қойылым көрсетілді. 6-7 сыныптар «Жанұяммен мақтанамын» тақырыбында видеоролик (1-3 мин) түсіру жұмысын жүргізді, сыныптарында көріп, үздік жұмысты мектеп фейсбук желісінде жариялады. 5 сынып оқушылары «Мен ата-анамнан үлгі аламын!» тақырыбында жанұялық суретін ендіріп, шағын шығарма жазу жұмысына қатысты, сыныптарында оқылып, үздік жұмысты мектеп фейсбук желісінде жариялады. №185 мектепте ата-аналар арасында «Отбасым -діңгегім» тақырыбында тренинг, 7-сыныптың ата-аналары арасында «Мен отбасыммен бақыттымын» тақырыбында сайыс өткізілді. Білім беру мекемелерінде 2019 жылдың 15 мамырында Халықаралық отбасы күніне арналған жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтілді. Жиналыста отбасы құндылығы, оқушылардың өмір қауіпсіздігі, жазғы демалыс т.б. мәселелер қаралды.

16 мамыр 2019 ж. 2 079 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (10555)

16 қараша 2026 ж.

№86 (10554)

14 қараша 2026 ж.

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 367
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 503

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30