» » Ел тарихындағы маңызды белес

Ел тарихындағы маңызды белес


qarmaqshy-tany.kz Бүгін ерекше күн. Мемлекетіміз үшін де айрықша сәт. Президент сайлауы – елдің келешегі үшін жасалынып жатқан маңызды қадам. Мен №97 сайлау учаскесіне барып, балаларым мен немерелерімнің болашағы үшін, ел-жұртымыздың амандығы мен келешегіміздің жарқын, еліміздің қуатты да әділетті мемлекет болуы үшін өз дауысымды бердім.
Жүсіп Баласағұнидың «Биіктеп кетсең – құлау бар, қуанып кетсең – жылау бар» деген ұлағатты сөзі бар. Біз осындайда бақытты екенімізді ұмытпай, жайлы тыныш елде өмір сүріп жатқанымызға ризашылығымызды білдіріп отырғанымыз жөн деп ойлаймын. Үлкен отбасының ғана тілеуі емес, мемлекеттің де мәртебесін ойлаған аналарымыздың жүректері асыл ғой. Біз бір көшеде тұратын аналар ұлттық киімімізді киіп, сайлауға бірге бардық. Елдің бірлігін ойлайтын, отбасының берекесін кіргізетін әйел-аналарымыз ғой. Бұл мүмкіндікке жеткен де, жетпеген де бар. Ертеңгі күні біздің аналарымыз осындай болған деп ұрпағымызға үлгі ретінде сайлау үйінің алдында тұрып, ұлттық киімдерімізбен естелікке суретке түстік. Осы ауызбірлігіміз келіндеріміз бен қыздарымызға үлкен тәрбие деп білемін. Ел тыныш, ұрпақ аман боп отырғанымыздың өзі қандай бақыт!
Президент сайлауы еліміздің тарихындағы маңызды белес. Бұл ұлтымыздың шынайы өзгерістерге деген дайындығы мен ұйымшылдығын көрсетеді. Дауыс беруге азаматтарымыздың белсенді қатысуы қоғамымыздың кемелдігі мен жауапкершілігін білдіреді. Барлық елді мекендер мен кент орталығындағы сайлау үйлеріне аналарымыз ұйымдасқан түрде ұлттық киіммен немерелерін ертіп барды. Адамда сенім ұялау үшін әлдеқандай әсері болу керек. Біз сол сеніммен өмір сүреміз. «Бір кісі жаққан жалынға мың кісі жылынады» деген сөз бар. Біз өз таңдауымызды жаңылмай жасасақ, оның жылуын, игілігін бүкіл ел көреді.

Гүлжауһар РАЕВА,
аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы
20 қараша 2022 ж. 311 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930