» » Бұл сайлаудың жөні бөлек

Бұл сайлаудың жөні бөлек

Сайлауға дауыс беруге келушілердің арасында аға буын өкілдерінің қатары көп. Келешегінің кемел болуы үшін таңдау жасауға келген кент тұрғынының бірі – Әлім Ұзақбаев. Саналы ғұмырын еңбекке арнап, бүгінде еңбегінің зейнетін көріп отырған жан 81 жаста.
– Мен өмірден көрген түйгені мол аға ұрпақ өкілімін. Үлкен кісі қашанда ұрпағының болашағын, жақсы қоғамда өмір сүргенін бар жән-тәнімен қалайды. Елдің ішіндегі ауызбірлік пен ынтымақты сақтай отырып, мемлекеттің саясатына да мән беріп отыратынымыз бар. Себебі қоғам даму сатысында маңызды қадамның бірі саналатын ел арасындағы жағымды жаңалық пен игілікті істер – біздердің, қариялардың әркез басты назарында. Бүгін міне, осы сайлауға алғашқылардың бірі болып өз дауысымды беруге келдім. Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы. Қазақ елі жылдан-жылға көркейіп, гүлденіп келеді. Бұған дейін де талай сайлау өткен. Дегенмен бұл сайлаудың жөні мүлдем бөлек. Туған жерінің келешегі үшін өз таңдауымды жасадым және оған өте қуаныштымын. Ардагер ретінде, көпті көрген адам ретінде бұл сайлаудың тиімді әрі жемісті боларына сенімдімін, – дейді №97 сайлау учаскесінің сайлаушысы, еңбек ардагері Ә.Ұзақбаев.

 Еске салайық, бүгін Жосалы кенті әкімінің сайлауы өтуде.


19 желтоқсан 2021 ж. 458 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930