» » Бұл науқанның жөні бөлек

Бұл науқанның жөні бөлек

Мен өмірден көрген түйгені мол аға ұрпақ өкілімін. Үлкен кісі қашанда ұрпағының болашағын, жақсы қоғамда өмір сүргенін бар жән-тәнімен қалайды. Елдің ішіндегі ауызбірлік пен ынтымақты сақтай отырып, мемлекеттің саясатына да мән беріп отыратынымыз бар. Себебі қоғам даму сатысында маңызды қадамның бірі саналатын ел арасындағы жағымды жаңалық пен игілікті істер – біздердің, қариялардың әркез басты назарында. Соның бір айғағы – Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып отырған және республика тарихында тәжірибеде алғаш рет қолданылып отырған жаңа форма – ауыл әкімдерінің сайлауы мені де бей-жай қалдыра алмайды. Бүгін міне, осы сайлауға алғашқылардың бірі болып өз дауысымды беруге келдім. Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы. Қазақ елі жылдан-жылға көркейіп, гүлденіп келеді. Бұған дейін де талай сайлау өткен. Дегенмен бұл сайлаудың жөні мүлдем бөлек.
Туған жерінің келешегі үшін өз таңдауымды жасадым, және оған өте қуаныштымын. Ардагер ретінде, көпті көрген адам ретінде тікелей сайлаудың тиімді әрі жемісті боларына сенімдімін.

Жақсылық ҚЫПШАҚБАЙҰЛЫ
Ақай ауылдық «Ақсақалдар алқасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

25 шілде 2021 ж. 761 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 044
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 712

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031