» » Кәсіпкерлік саласы Қармақшыда қарқын алуда

Кәсіпкерлік саласы Қармақшыда қарқын алуда

qarmaqshy-tany.kz Кеше аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов, аудандық мәслихат хатшысы Әділ Қошалақов және тиісті бөлім, мекеме басшылары Жосалы кентінде орналасқан бірқатар кәсіпкерлік нысандарды аралады.

Алдымен 2021 жылы «Микробизнес Қызылорда» бағдарламасымен ашылған «Кілем жуу орталығының» жұмысымен танысты. Бұл бизнес-идея қазіргі таңда минималды күрделі салымды қажет ететін және жоғары сұранысқа ие қызмет түрлерінің бірі.Кәсіп иесі Е.Ақышев «Қызылорда ӨИО арқылы орталықты ашуға 5,0 млн теңге несие алып, кілемдерді сусабынмен жуу және кондиционерлеу және кілемді арнайы сығу құрылғыларымен қамтамасыз етіп халыққа қызмет көрсетіп отыр.
Мұнан соң аудан әкімі кент орталығынан салынған жаңа ғимаратты«Ерлан фотосалонына» барды. Отбасылық кәсіп иелері биылғы жылы «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы арқылы «Фотосалонды кеңейту» жобасымен мемлекеттен 9.0 млн теңге қайтарымды несие алып ескі ғимаратты бұзып, қайта заманауи үлгідегі жаңа ғимарат негізінде кәсіптерін қайта жандандырып отырғандығын және аталмыш бағдарламалар аясындағы ашылған қос нысан«Тренажерлік фитнес зал» және «Компьютерлік ойын клубы» орталықтарында да болып, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және спортпен шұғылдану мүмкіндіктеріне жағдай жасау бағытындағы жұмыстармен танысты.
Сонымен қатар аудан әкімі кент тұрғыны Р.Бұйрабаеваның 2021 жылы басталған балабақшасының құрылыс жұмыстары барысын көрді. Жеке кәсіпкер алдымен өз қаражаты есебінен бастап тек биылғы жылы «Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы шеңберінде 20,0 млн. теңге несие алып құрылыс жұмыстарының толыққанды аяқталуы барысын жеткізді.

Осылайша аудан әкімі кәсіпкерлермен жүздесуде қашанда жаңадан кәсіп орындарын ашу, орта және шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету, тұрғындарға қолайлы және жайлы жағдайлар жасау – біздің басты мақсатымыздың бірі екендігін басты айтып, әліде болса мемлекеттік бағдарламалар тиімділігін пайдаланып,кәсіпкерлік көкжиегін кеңейту және оны әртараптандыру бағытында жұмыс жасауға шақырды.

19 қараша 2022 ж. 277 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930