» » Кішкентай коллекционер

Кішкентай коллекционер

qarmaqshy-tany.kz Олжас Сүлейменов – аудан орталығындағы білімнің қара шаңырағы Ү.Томанов атындағы No183 орта мектептің 4 сыныбында оқиды. Дарындылардың қатарынан танылып келе жатқан ол мектептегі озат оқушылардың бірі.

Білімді жас мектептен тыс уақытында қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысып, қатарластарына үлгі көрсетіп жүргенін жақсы білеміз. Сондай-ақ сабақтан тыс уақытта Т.Салқынбайұлы атындағы аудандық өнер мектебінде есімі республикаға танымал жыршы-композитор Жарқынбек Тұрымбетовтың домбыра класында білім алса, сурет салумен де танылып жүрген жас қылқалам шебері.
Кішкентай коллекционердің тағы бір ерекшелігі – ақындық талабы. Оның көк дәптерінде жазылған түрлі тақырыпқа арналған өлең шумақтары керемет әсер қалдырады. Әсіресе сөз саптауында ерекшелік бар.
Ал енді оның тағы бір ерекшелігі ол бала кезінен әр мемлекеттің ұлттық валютасын, қазақтың ата-бабадан ұрпаққа аманат болып келе жатқан құнды жәдігерлерін жинауды да әдетке айналдырған.
Олжастың коллекциясын көргенімізде ондағы әлемдегі әр елдердің ұлттық валютасын дәрежелеп, сақтап қойғанына куә болдық.

«Олжас баламның қасиетін көптен байқап жүрмін. Мектептен келгесін ол ағасы Әлхамитпен бірге таэквондо үйірмесіне барып, жаттығуын жасап келеді. Айтпақшы Олжас «Сары белбеу» иегері. Облыстық, аудандық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері. Суретті де жақсы салады, домбыра сыныбына барып, Жарқынбек ұстазынан білім алып жүргені тағы бар. Бірақ оның ең ерекше ықыласы – көне жәдігерлер мен әр елдің ұлттық валютасын жинауға ауғаны. Тіпті «Мынадай көне зат бар» дегенді естісе болды, оны тезірек иеленуге асығады» дейді Олжастың әкесі Ринат.

Ал Олжастың өзін сөзге тартқанымызда «Менің ерекше ықылас танытқан әуестігім түрлі заттардан коллекция жинау, нақтысын айтқанда әр мемлекеттің ұлттық валютасын жинау. Бұрындары әкем айтушы еді жас күнімізде түрлі марка жинадық деп, содан бастап мен де қолыма түскен көне тиындар мен ақшаларды, басқа да заттарды жинауды әдетке айналдырдым. Бүгінгі күні менің коллекциямда 13 мемлекеттің ұлттық валютасы бар. Яғни тиындар мен қағаз ақшалар. Жинаған тиындарым жетерлік, бірақ олар анам сатып алып берген қобдишаға сыймай жатыр. Қағаз ақша жинайтын да альбомым бар. Онда әзірге қырғыз, өзбек және Кеңес үкіметінің көне ақшалары жинақталған. Жақында Венес- суэланың, Англияның валютасын сатып алып, коллекциямды толықтырдым. Өзге елдің ақшаларымен бөлісемін дегендер болса мен дайынмын. Бірақ мен үшін мектептегі сабақ бірінші кезекте тұрады. Мен мектептегі барлық қоғамдық жұмыстарға қатысқым келеді. Әсіресе спорт пен домбыра тартуға құштармын. Сурет салуды да жақсы көремін. Бұлардың барлығы менің келешегім үшін қажет» дейді кішкентай коллекционер.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ

16 қараша 2022 ж. 530 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031