» » Ұлттық валюта - теңге күні құтты болсын

Ұлттық валюта - теңге күні құтты болсын

Құрметті қаржы саласының қызметкерлері!
Қадірлі сала ардагерлері!

Сіздерді Ұлттық валюта, теңге күнімен және қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – ерекше мереке. Осыдан тура 29 жыл бұрын 15 қараша күні ел тұрғындарының төл теңгені қолдарына ұстаған кезінде Қазақстанның тәуелсіз ел болғанын шынайы сезіндік. 1993 жылы 15 қарашада Қазақстанның өз валютасы теңге айналымға енгізіліп, үлкен тарихи қадам жасалды.

Ауданда экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған жұмыстар үздіксіз жүргізіліп, нәтижесінде экономикада тұрақты өсім қалыптасып, даму көрсеткіштері артты.

Қармақшы аудандық бюджетінің салықтық түсімдері жылдан-жылға ұлғайып келеді.
Осы уақытқа дейін салықтық түсімдер көлемінің ұлғаюы мен аудандық бюджет кірісі көлемінің өсуіне ауданның қаржы-экономика саласында ұзақ жылдар басшылық қызметте болып, халықтың құрметіне бөленген сала ардагерлерімен және бүгінде өз ісіне шынайы берілген, жоғары білікті мамандардың зор еңбегінің арқасы деп білуіміз керек.

Құрметті қаржы саласының қызметкерлері!

Бүгінгі Ұлттық валюта күні мерейлі мерекесінде ел экономикасының дамуына аянбай күш-жігерін жұмсаған Сіздерге алғысымды білдіремін.

Айтулы мереке қарсаңында Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға береке-бірлік тілеймін!

Ізгі тілекпен,
Қармақшы ауданының әкімі
Әділбек ЕРСҰЛТАНОВ

15 қараша 2022 ж. 2 499 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 066
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 729

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031