» » Балалар жылына базарлық: бояу кітапшаларының тұсаукесері өтті

Балалар жылына базарлық: бояу кітапшаларының тұсаукесері өтті


Бүгін «Балалар жылы» аясында «Қызылорда қаламгерлер қауымдастығының» ұйымдастыруымен «Балапан» телеарнасының «Сиқырлы тас», «Әл-Фараби» мультсериалдары бойынша шығарылған бояу кітапшаларының тұсаукесері өткізілді.

Қазақстан нарығында баспа саласында ширек ғасырдан аса қызмет көрсетіп келе жатқан «ASU» баспа үйі» ЖШС-ның бастамасымен «Балапан» телеарнасының арасында жасалған келісім шарт негізінде алғаш рет отандық анимациялық фильмдердің бояу кітапшаларын шығару қолға алынды.

Осының негізінде эфирлік қаралымы жоғары болған 3D форматындағы «Сиқырлы тас» мультсериалының кейіпкерлері алты жасқа дейінгі балаларға арналып шығарылды. 2D техникасында жасалған Ұлы ғалым, 70-ке жуық тіл білген полиглот Әбу Насыр әл-Фараби баба жайында түсірілген «Әл Фараби» мультсериалының жобасы алты жастан асқан балаларға арналып шығарылып отыр. Мұнда мультсериал кейіпкерлерін бояумен қоса ұлы ойшылдың қанатты сөздері жазылған.
Кітапшада орналасқан QR белгісін сканерлеу арқылы екі мультсериалды да кез келген қолайлы уақытта тамашалауға болады.




11 қараша 2022 ж. 500 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 107
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 309

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031