» » Абай мен Әл-Фарабиге арналған екі жаңа телеарна іске қосылады

Абай мен Әл-Фарабиге арналған екі жаңа телеарна іске қосылады


Қазақстанда екі жаңа мемлекеттік телеарна іске қосылады. Бұл туралы халық алдында есеп беру кездесуі барысында Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Аида Балаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.



ТВ жобалары 2020 жылы басталмақшы. Телеарналар елдің мәдениетін өркендету бағытынды жұмыс жасайтын болады. 
"Біз Абай телеарнасын ертең - 30 маусымда іске қосамыз. Бұл Қазақстан ТРК телрадиокорпарациясының ішіне кіреді және отандық мәдениеттің байлығы мен мұрасына арналған арна болады. Екінші телевизиялық жоба - Әл-Фараби арнасы «Хабар» агенттігінің базасында оқу жылының басында іске қосылады", - дейді Балаева. 
Пандемия кезінде мұндай арналардың даму өзектілігі жоғары деп отыр министр. 
"Әл-Фараби арнасы алты жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен жаңа оқу-танымдық теледидар алаңына айналады. Мұндай арнаның өзектілігі әсіресе пандемиядан байқалды", - деп толықтырды министр.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың қызметі туралы халықты сапалы ақпараттандыру мақсатында 2020 жылы мемлекеттік БАҚ-тың бірыңғай порталы пайда болады.
29 маусым 2020 ж. 557 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930