Балаларға базарлық
«Ой бренд» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Қайтер едік, өмірге келмегенде?» жобасы аясында «Балаларға базарлық» мерекелік шарасы өткізілді. Аудан орталығында орналасқан «Дәметкен ана» мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығының тәрбиеленушілеріне арналған «Балаларға базарлық» мерекелік шарасы өткізілді. Балалар арасында керемет ойындар ойнатылып, позитивті көңіл күйдегі флешмоб ұйымдастырылды. Жобаға ауданның белсенді жастары мен волонтерлары тартылды.
«Балалардың көңіл күйі ерекше әсер қалдырды. Жүздерінен қуанышты көріп жасап жатқан жұмысымыз оларға ұнап жатыр деген пікірде болдық. Алдағы уақытта да орталықтың қызмет алушылары үшін бірнеше іс-шарамен келетін боламыз.», - деді «Ой бренд» қоғамдық қорының Президенті Сабыржан Бахытжанұлы.
««Дәметкен ана» орталығы өз күшімен аяққа тұрған, үлгі болатын орталықтардың қатарына жатады. Орталық базасында мүмкіндігі шектеулі балаларға қажетті құрал-жабдықтардың басым көпшілігі табылады. Жергілікті кәсіпкерлерді орталық қызметін қолдау шақырамын. Себебі орталық өзіндік сипатқа сәйкес көптеген ерекшеліктерге ие. Қызметкерлер мен қызмет алушылардың арасында керемет байланыс орнатылған. Барлығы өзің өз үйлеріндегідей еркін сезінеді.» - деді Qosyl командасының мүшесі, жастар қызметкері Нұрасыл Жасұланұлы.
Аталмыш шара, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы «Qoldau» білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңесі» ҚБ-нің «Birgemiz: Sabaqtastyq» жалпыұлттық жобасының шағын гранты аясында іске асырылуда.