» » «Balapan» телеарнасына - 10 жыл

«Balapan» телеарнасына - 10 жыл

Бүгін қазақ телевизиясы тарихындағы тұңғыш балалар арнасы «Balapan» телеарнасына - 10 жыл. Телеарна «Қазақстан» телерадиокорпорациясының құрамынан 2010 жылдың 27 қыркүйегінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
10 жыл ішінде 246 телевизиялық жоба, 19 телехикая, 17 747 минутты құрайтын 67 анимациялық мультхикая жасалды. Қазақ киноиндустриясы тарихында «Balapan» телеарнасы тұңғыш рет балаларға арналған «Санжар мен Қайсар» телехикаясын, отандық мультхикаялар түсіруді қолға алды. «Balapan» арнасын үнемі көретін балалар көркем сөйлей бастады, сонымен бірге қазақ тілінің тереңдігін түсінеді.
10 жыл ішінде 246 телевизиялық жоба, 19 телехикая, 17 747 минутты құрайтын 67 анимациялық мультхикая жасалды. Қазақ киноиндустриясы тарихында «Balapan» телеарнасы тұңғыш рет балаларға арналған «Санжар мен Қайсар» телехикаясын, отандық мультхикаялар түсіруді қолға алды. «Balapan» арнасын үнемі көретін балалар көркем сөйлей бастады, сонымен бірге қазақ тілінің тереңдігін түсінеді. Балалардың білімді, заманауи болып қалыптасуы үшін де арнаның атқарып отырған рөлі зор. «Balapan» арнасының ашылуымен телевизиядан алшақтап кеткен ертегі, бесік жыры сияқты жанрлар қайта оралды. Мұның жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруде маңызы зор. Біздің алдымызда тұрған ең үлкен стратегиялық мақсаттардың бірі - дені сау, білімді, тәрбиелі, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. «Balapan» телеарнасы осы бағытта өте нәтижелі жұмыс істеп жатыр деуге негіз бар», - деді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев «Qazaqstan» арнасына берген сұхбатында. Осы уақытқа дейін «Balapan» арнасының аудиториясы 12 жасқа дейін болса, биылғы жылдан бастап 8 жасқа дейін өзгерді. «Бұл - үлкен зерттеулер нәтижесінде жасалған қадам. 8 жасқа дейінгі балалар мультфильм іздейтіні анық. Осы талап үдесінен шығу үшін анимациялық жобалар өндірісін арттырдық. Биылғы жылы эфирдегі анимацияның үлесі 80 пайызды құрап отыр және бұл көрсеткіш жыл санап арта береді. Бүгінде «Balapan» телеарнасының анимациялық өнімдері елдегі жалпы анимация өндірісінің 90 пайызын құрайды», - деп атап өтті «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Л.Танысбай өз сөзінде. Ашылғанына 10 жыл толған арна биылдан бастап үздік шетелдік мультхикаялардың телеқұқығымен қоса интернет құқықтарын сатып алу бастамасын алғаш болып жүзеге асырды. Жыл соңына дейін арна көрермендері жалпы саны 800 бөлімнен асатын анимациялық туындаларды «Balapan»-ның You Tube-арнасынан қазақ тілінде тамашалай алады. Одан бөлек, арна өндірген «Тынымсыз шөжелер», «Сәби», «Еркелер», «Шахмат патшалығы», «Пырақтар» сынды 5 анимациялық жоба АҚШ және Латын Америкасы елдерінің кабельдік арналары арқылы испан, ағылшын, португал тілдерінде көрсетіледі. Келісімшарт АҚШ-тың желілік және спутниктік хабар тарату қызметін жүзеге асыратын «Olympusat» компаниясымен жасалды. Арна өндірген «Күлкі іздеген Күнекей», «Сәби», «Еркелер» мультхикаялары ТМД-дағы ең танымал IVI.RU онлайн платформасына салынады. Күзгі маусымда «Balapan» телеарнасы жалпы саны 253 бөлімнен тұратын 17 отандық анимациялық туынды ұсынады. Тәулігіне 17 сағат хабар тарататын арнаның «Оtau TV» желісінде 1 млн 400 мың абоненті бар, кабельдік желі арқылы 1 млн көрермен қамтылады. Арна жалпы ел тұрғындарының 84 пайызына қолжетімді. Телеарнаның 10 жылдығына орай бүгін 15:20-да «Qazaqstan» арнасы «Balapan» телеарнасына - 10 жыл» арнайы жобасын ұсынады.


27 қыркүйек 2020 ж. 615 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 368

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 447

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930