» » Атқарылған жұмысты ауыл тұрғындары оң бағалады

Атқарылған жұмысты ауыл тұрғындары оң бағалады

qarmaqshy-tany.kz Кеше аудан әкімі Әділбек Ерсұлтановтың халықпен кезекті кездесуі ІІІ Интернационал ауылында жалғасты.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасары, тиісті бөлім, мекеме басшылары қатысты.
Аудан басшысы ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы міндеттерді бөлісті.
Аудан әкімі алдымен ауылдағы ауқымды жүргізілетін құрылыс жобаларына тоқталды. Оның бірі спорттық кешеннің құрылысы. Қазіргі таңда «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында спорттық кешеннің құрылысын қаржыландыруға бюджеттік өтінім тапсырылғандығын және балалардың жақсы білім алуына жағдай жасау мақсатында ауыл мектебін «Жайлы мектеп» жалпыұлттық жобасы аясында қайта салуға ұсыныс жасалып жатқандығын жеткізді.
Сонымен қатар ІІІ Интернационал ауылдық округінің әкімі Н.Сайымов ауыл бойынша атқарылған жұмыстарын баяндады.
Аудан әкімі тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлерді мұқият тыңдап, айтылған әрбір азаматтың сауалына заңдылыққа сәйкес жауаптар берді.
Кездесу соңында аудан әкімі азаматтарды жеке мәселе бойынша қабылдап, әлеуметтік мәселе көтерген тұрғындарға заңдылық аясында жауап беріп, жауапты сала басшыларына тапсырма берді.
Аудан әкімі ІІІ Интернационал ауылының халқымен кездесу сапары кезінде жеңілдетілген несие алып, өз кәсібін жүргізіп отырған ауыл тұрғыны П.Музаппаровтың автокөлік жөндеу орталығының жұмысымен танысты.
Қазіргі күні «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» Ұлттық жобасы аясында ІІІ Интернационал ауылында өз ісін жаңадан бастаймын деген жұмыссыз 16 азамат құны 19,6млн. теңгенің грантын жеңіп алып отыр.

11 қараша 2022 ж. 460 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 855
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 573

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930