» » Аудан әкімінің халықпен кездесуі Жаңажолда жалғасын тапты

Аудан әкімінің халықпен кездесуі Жаңажолда жалғасын тапты

qarmaqshy-tany.kz Бүгін аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов Жаңажол ауылы халқымен кездесуінде ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне тоқталып, барлық салада оң тенденция қалыптасып отырғанын айтты.

Сондай-ақ, елді мекенді газдандыру мәселесінде ең алдымен осы ауылдың үлесі жоғары болатынын тілге тиек етті.
Өйткені «Жаңажол»ЖШС-нің директоры О.Төлеповтың өз қаражаты есебінен газ құбыры құрылысы жұмыстарына жобалық сметалық құжаттама рәсімделіп, 2023-2024 жылдары республикалық бюджеттен қаржы бөлуге өтінім тапсырылғандығын жеткізді.

Сонымен қатар ауылдық округке денешынықтыру сауықтыру кешені мен дәрігерлік амбулатория салу мүмкіндіктері қаралып жатқандығын білдірді.

Сонымен бірге Жаңажол ауылы әкімі өз кезегінде тұрғындарға ауылдық округ бойынша ағымдағы атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.

Тұрғындардың тыныс-тіршілігімен жақын танысып, олардың тарапынан жасалған сауалдарға аудан әкімі тұщымды жауаптар берді.

-Елді мекендегі тұрғындар көтерген мәселелерді шешу қашан да күн тәртібінен түспейді, оларды өзектілігіне қарай оң шешімін табу бағытындағы жұмыстарды кезең-кезеңімен шешу жағын қарастырамыз,-деді аудан әкімі.

10 қараша 2022 ж. 488 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 216

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930