Оқушылар сайысты
qarmaqshy-tany.kz Аудандық оқушылар үйінде «AMANAT» партиясы жанынан құрылған «Жастар рухы» жастар қанаты және білім бөлімінің ұйымдастыруымен Республика күніне орай «Жырың болып төгілемін, елім!» тақырыбында мектеп оқушылары арасында аудандық мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Оған мектептер арасынан 23 оқушы қатысты. Байқауға ардагер ұстаз Р.Қаратаева, Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігі аудандық филиалының төрайымы К.Раева оқушылар үйі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Манасова төрелік жасады. Үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардың мәнерлеп оқу шеберлігіне, сахнада өзін-өзі ұстауына, киім үлгісіне баса назар аударылды. Қатысушылар белгілі ақын-жыраулардың өле жыраулардың өлеңін мәнерлеп оқып, би-шешендер сөздерін-әсерлі жеткізе білді.
Жиын соңында К.Раева сөз алып, іс-шараның маңызды шараның маңыздылығын тілге ғын тілге тиек етті. Байқау қо тиек етті. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарды аудандық білім бөлімінің дипломы мен алғыс хаттарымен марапаттады. Жүлделі орын алған оқушылар «AMANAT» партиясы жанынан құрылған «Жастар рухы» жастар қанатының демеушілігімен дайындалған ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
І орынды No272 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Батырхан Нұртазаев алса, ІІ орынды No27 мектептің 7 сынып оқушысы Раида Мұхамбетқали мен No111 мектептің 5 сынып оқушысы Мәди Елдес еншіледі. Ал ІІІ орынды No 28 мектептің 8 сынып оқушысы Досымжан Сандыбайұлы, No269 мектептің 8 сынып оқушысы Диас Амантаев, No121 мектептің 5 сынып оқушысы Сарбиназ Мұхамбетқалилар өзара бөлісті.
Ақнұр САҒЫНТАЙ