» » Тәуелсіз елдің ұланым!

Тәуелсіз елдің ұланым!

qarmaqshy-tany.kz Мен Қазақстан атты тәуелсіз мемлекетте тұрамын. Еліміздің тәуелсіздік алғанына биыл 31 жыл толады. Осы жылдар ішінде еліміз көптеген жетістікке жетті. Жаңа бағдарлама, сандық технологиялармен толықты десек болады.
Тәуелсіз ел дегеніміз - менің ойымша, өз алдына Елтаңбасы бар, өз Әнұраны, көгінде желбіреген Туы бар, рәмізі бекітілген егемен ел. Осы егемендікті көксеген, өр рухты қаншама ата-бабамыздың қанымен келген бейбітшілікті барынша сақтау біздің, жас жеткіншектердің парызы.  Олай дейтінім, бұл тәуелсіздік бізге оңай жолмен келген жоқ. Қаншама жан қуғын-сүргінге ұшырап, құрбан болды. Аға-апаларымыздың күш-жігерімен келген мемлекетіміздің тыныштығын бұзбақ емеспіз. Ата-бабамыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен атамекенімізді қорғап қалды емес пе?
Енді, міне бүгінде тәуелсіз елдің ұрпақтары, яғни біздер бейбіт елде, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда өмір сүріп жатырмыз. Осындай бейбіт елде өмір сүріп жатқанымды, осы елдің, тәуелсіз елдің ұрпағы болғанымды мақтан етемін. Болашақта да тәуелсіз елдің ұланы ретінде елімді, жерімді жақсы көріп, еңбек сіңіретін боламын. Әрбір ер азаматтың міндеті – Отан алдындағы борышын өтеу болса, мен де ертең өскенде борышымды адал атқарып, Республикамыздың дамуына және оның даңқын асыруға барымды салатын боламын.
Қорыта келе айтарым, жусаны аңқыған хош иісті туған жерімді, Жер-Анамызды қорғай отырып, алдымызда келе жатқан Республика күні мерекесімен барша жұртшылықты құттықтаймын. Тәуелсіз елдің ұландары әрдайым қыран құстай биіктен көрініп, жұлдыздай жарқырай берсін деген тілегімді білдіремін.
Нұрасыл ӨТЕПОВ,
No85 мектеп оқушысы, Төретам кенті
25 қазан 2022 ж. 525 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031