» » Алар асу алда

Алар асу алда

Ғарышкерлер қаласы атанған Байқоңыр – заман талабына сай өсіп-өркендеп келе жатқан болашағы зор шаһар. Мұндағы халық мемлекеттің қамқорлығын сезініп келеді. Қалада заманауи үлгідегі әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер бой көтеріп жатыр. Тұрғындары кәсіпкерлікті қолдауға арналған бағдарламалардың игілігін көруде. Соның арқасында өзінің сүйікті ісімен айналысатын жандардың қатары көбейген. Сондай байқоңырлықтардың бірі – Шілдебекова Айкерім Сахитжанқызы.

2004 жылы Байқоңырдағы орта мектепті тәмамдаған Айкерім қатар-құрбысымен бірге жоғары білім алып, бүгінде туған еліне қызмет етуде. Ол Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша арнаулы білім алып шыққан. Жас маман білімін одан әрі жетілдіруде Ақтөбе қаласындағы мемлекеттік педагогикалық институтын филология мамандығы бойынша тәмамдайды. Сөйтіп араға біршама жыл салып, жоғары білім алған қарындасымыз туған жеріне қайта оралып, алғашқы еңбек жолын Ақай елді мекеніндегі No99 орта мектепте шәкірттерге қазақ тілі және әдебиеті пәнінен сабақ беруден бастайды. Оған да биыл міне 13 жыл толып отыр екен. Осы уақыт аралығында 6 жыл мектепте шәкірттерді білім нәрімен сусындатқан жас маман Байқоңыр қаласындағы No24 бөбекжай бақшасына ауысып, бүгінде өзі жұмыс істейтін бөбекжайда еселі еңбегімен ұжымдастарының, тәлімгерлерінің, қала берді ата-анасының құрметі мен алғысына бөленуде.
Жас та болса біліктілігімен, әрбір іске деген жауапкершілігімен, іскерлігімен танылған Айкерім Сахитжанқызын бөбекжай бақша әкімшілігі «Қазақ тілі» қоғамы бастауыш ұйымының төрайымы қызметіне тағайындады.
Ұжымда сыйлы, еңбекқорлығымен әрбір қоғамдық істің басы-қасында жүретін Айкерім де басшылық тарапынан міндеттелген жұмыстарға аса жауапкершілікпен қарайды. Осындай игі істері үшін де ол республикалық, облыстық және аудандық, қалалық байқаулар мен сайыстарда жүлде алып, қоғамдық жұмыстардың бел ортасынан табылып жүр.
Жас маман «Өрлеу» порталы ұйымдастырған балалар шығармашылығында үздіктер қатарынан орын алып, арнайы сертификат және төсбелгіге ие болса, біліктілігін арттыруда өткен жылы «Модератор-педагог» біліктілік сертификатын алды.
Нәзік жандылар үшін басты мақсат – отбасын құрып, ұрпақ тәрбиелеу болса, бұл тұрғыда Айкерім Сахитжанқызы жары Ержанмен бірге екі ұл тәрбиелеп отырған бақытты ата-ана. Үлкені Расул 6-сыныпта, ал кішісі Аңсар 4-сыныпта білім алуда. Екеуі де оқу озаттары.
«Біз әкеміз Сахитжан мен анамыз Айманнан екеуміз. Екеуміз де қыз баласымыз. Адам үшін басты мақсат мамандық таңдаудан және жар таңдаудан адаспау керек екен. Мен де мамандық таңдау мен жар таңдауда қателік жіберген жоқпын деп ойлаймын. Өмірге адам болып келген соң міндетті түрде өзіңнен кейінгілерге үлгілі істермен танылып қалу керек. Менің де басты арманым игі істермен елге адал қызмет еткім келеді. Үлкенге құрмет көрсетіп, олардан жалғасып келе жатқан өнегелерді жас ұрпақ санасына сіңірсем деген мақсатым бар. Біздің ұжым өте үлгілі де құрметті. Ұжым түрлі тағылымды істерімен қаладағы әріптестерге танымал болып келеді. Қызметкерлер де білімді, парасатты жандар. Мен өз ұжымыммен мақтанамын» дейді кейіпкеріміз.
Иә, әрбір педагог алдымен өзіне талап қоя білуі керек. Ол міндетті түрде өзіне, әрбір істеген ісіне жауапкершілікпен қарайтын тұлға болуы тиіс. Педагогтың ізденімпаздығы, еңбекқорлығы және өзіне тән байыптылық пен өзгеге көмегін аямайтын қайырымдылық, адамгершілік қасиетімен және жұмыс барысында ұжыммен тез тіл табыса білуімен дараланады. Шығармашылық саласы бойынша балаларды суретке, биге, мүсіндеуге үйретіп, оқу-қызметін жаңалап отырады.
Осы қасиеттердің барлығы да Айкерімнің бойында бар. Сол себепті де жас маманның алар асуы алда.
Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ
11 қазан 2022 ж. 565 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 016

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031