» » Көкжиегі кең ұйым

Көкжиегі кең ұйым

ӨЗІМІЗ БІЛЕТІНДЕЙ, КӘСІПТІКОДАҚТАРДЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ ͵ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫ АРАСЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ САҚТАУ, ЖҰМЫСКЕР МЕН ЖҰМЫС БЕРУШІ АРАСЫНДАҒЫ АЛТЫН КӨПІР РЕТІНДЕ ҚОҒАМНЫҢ ҚАЗЫҒЫНА АЙНАЛУ. ОЛ ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ МҰҢͳМҰҚТАЖЫН, МҮДДЕСІ МЕН ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ САҚТАЛУЫН ҚАДАҒАЛАП, ӘЛЕУМЕТТІКͳЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДІ МҰРАТ ЕТЕДІ. ЕЛІМІЗДЕ БОЛЫП ЖАТҚАН ТҮРЛІ ЖЕТІСТІК ПЕН ЖАҚСЫЛЫҚТА ДА КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚОСЫП ЖАТҚАН ҮЛЕСІ АЗ ЕМЕС. СОНЫҢ БІРІ ͵ АУДАНДЫҚ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІ ДЕСЕК ДӨП ТҮСКЕНДЕЙМІЗ. 10 ҚАЗАН ͵ ҚАЗАҚСТАН КӘСІПОДАҚТАРЫ КҮНІ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА АТАЛҒАН ҰЙЫМНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ БІЛІКТІ МАМАНЫ ЛӘЗЗАТ ЕСХАНОВАҒА ЖОЛЫҒЫП, МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАҒАН БОЛАТЫНБЫЗ.
– Тұрақтылық кез келген қоғамның басты құндылығы болса, оны сақтауда кәсіподақтың негізгі құқықтық құралы – ұжымдық шарт болып есептеледі. Аталған құжат мекеме басшысы мен кәсіподақ мүшелері арасында белгілі бір мерзімге жасалады. Соған сай әлеуметтік әріптестерімізбен бірлесіп сала қызметкерлерінің еңбек жағдайы, әлеуметтік қорғалуы, еңбек қауіпсіздігі тұрғысындағы заңнамаларда бар нормаларды басшылыққа ала отырып, жоғарылатылған мүдделі бағыттарды, кепілдіктердің жүзеге асуын қамтамасыз етіп келеміз, – дейді комитет төрағасы Ләззат Есханова бізбен әңгімесінде.
Бүгінде кәсіподақ мүшелері мен оның көшбасшыларына бағыт-бағдар беруде құқықтық сауаттылықты арттырып, еңбек қатынастарын жақсарту маңызды екенін айта кеткен жөн. Жалпы алғанда еңбек ұжымдарында әлеуметтік әріптестіктің орны ерекше. Себебі еңбек заңдылықтары, салалық келісім, ұйымдағы жұмыс беруші мен кәсіподақ арасында жасалған келісімдер осы ұжымдық шарт аясында жүзеге асып отырады. Осы тұрғыда облыстық кәсіподақ комитетінің заңгері Ербол Жұбатқанов және аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Ләззат Серікбайқызы аудан бойынша және Байқоңыр қаласы, Төретам кенті, Ақай ауылындағы білім мекемелері қызметкерлеріне қоғамдық қабылдау өткізіп, толғандырған мәселелерін тыңдады. Сонымен қатар ауданда Ү.Томанов атындағы No183 орта мектепте ұйым отырысы мен «Кәсіподақ қозғалысының қазіргі қоғам дамуындағы ықпалы» тақырыбында семинар-практикум өткізілген. Кеңейтілген комитет отырысы, семинар-практикум және қоғамдық қабылдаудан тұратын үш кезеңде өткен іс-шарада облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Гүлнар Есқалиева отырысты ашып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы маңызды мәселелерге тоқталса, аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстармен бөлісті. Онда аудандық білім бөлімінің әдіскері әрі білім бөлімінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Тәжігүл Әбенова әдістемелік көмек, тәжірибе ал масу бағытында хабарлама жасаса, семинар-практикумда ұйым төрағасының орынбасары Нұргүл Өтегенова, заңгерлер Хамит Тарбақов, Ербол Жұбатқанов, бас есепші Марал Төребаева, Қызылорда қаласы No144 орта мектептің бас есепшісі Інжу Сейтенбаевалар құқықтық, еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың қызметі туралы, айлық жалақыны есептеуде әдістемелік көмектер беріп, тәжірибелерін ортаға салды. Семинар барысында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары сұрақтар қойып, ұсыныс-пікірлерін айтты. Сондай-ақ бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына әдістемелік кітапшалар берілсе, іс-шара соңында бірқатар бастауыш ұйымдарының кәсіподақ төрағаларына облыстық кәсіподақ комитетінің грамотасы тапсырылды.
– Білім қызметкерлері арасында әдісте мелік көмек берумен қатар мереке күн- дері салтанаттар, қайырымдылық көмектер, жастардың ұлағатты ұстаздармен кездесуі, спорттық, мәдени шаралар, кәсіби байқаулар ұйымдастырылып тұрады. Облыстық кәсіподақ комитетінен бастау алатын дәстүрлі іс-шаралар, атап айтқанда «Наурыз жылулығы», «Мектепке жол» акцияларына біркісідей атсалысамыз. Жылма- жыл «Алтын белгіге» бітірген оқушының бастауыш сыныптағы ұстаздарына жолдама табыс етіліп келеді. Білім қызметкерлерінің нәтижелі жұмыстары үшін де ынталандырып марапаттап отыру жұмысымыздың бір парасы. Ұстаздар мерекесінде әрдайым ардагер ұстаздар мен мұғалімдерімізге де құрмет көрсетіледі. Ұстанатын қағидамыз – әділеттілік, жасампаздық және бірлікке негізделген дәстүр, – дейді сөзін түйіндеген Ләззат Серікбайқызы мерекелік көңіл- күймен.
Сәрсенкүл АҚКІСІ
08 қазан 2022 ж. 309 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031