» » Салада ілгерілеу бар

Салада ілгерілеу бар

ҚАЗАҚСТАН ТУРИЗМ КҮНІН 1993 ЖЫЛДАН БЕРІ АТАП КЕЛЕДІ. СОЛ ЖЫЛЫ ЕЛІМІЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ АГЕНТТІГІНІҢ ҚҰРАМЫНА КІРГЕН БОЛАТЫН. ОСЫ ЖЫЛ АРАЛЫҒЫНДА ЕЛІМІЗ ТУРИЗМ САЛАСЫНДА КӨШІН ТҮЗЕП ҮЛГЕРДІ. МЕМЛЕКЕТТІК ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫН ЖАҚСЫ ЖҮРГІЗГЕНІ ҮШІН БЕДЕЛДІ ҰЙЫМНЫҢ АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРЛЫ ОЗЫҚ ЕЛДЕРІНІҢ ҚҰРАМЫНА КІРІП ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ АГЕНТТІГІНІҢ БАСҚАРУШЫ КЕҢЕСІНЕ ДЕЙІН ЖЕТТІ.
Аймақта туризмді «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халық- аралық көлік дәлізі бойындағы қызмет көрсету кешендері құрылысын қолдау арқылы дамыту көзделген. Қазіргі уақытта ауданымыз арқылы өтетін халықаралық көлік дәлізінің бөлігінде 14 нысан жұмыс істеп тұр.
Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі тарапынан аудан бойынша туризм саласында көптеген жұмыс атқарылып келеді. Атап айтқанда былтыр «Маргарита», «Керуен» жол бойы қызмет көрсету кешендері ашылса, «Оазис» кешенінен қонақ үй құрылысы, «Ақсарай» кешенінде сауда орталығының құрылысы және халықаралық көлік дәлізінің 1570 шақыры- мынан «Helios» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Д» санатындағы кешен құрылыстары аяқталып, халыққа қызмет көрсетуде. Сондай-ақ санитарлық-гигиеналық торап жылдың соңына дейінгі мерзімде пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар ауданда Qarmaqshy Demeu Travel туристік агенттігі кең байтақ қазақ жерінің тамылжыған табиғаты, терең тарихтан сыр шертетін мәдени мұраларымен танысуға Түркістан, Шымкент, Алматы қалаларындағы туристік орындарға қысқа мерзімді турлар ұйымдастыруда.
Жалпы республиканың туризм саласының бренді болған «Қорқыт ата» мемориалды кешенін көруге жылына 15 мыңнан аса алыс-жақыннан туристер табан тірейді.
Жалпы елімізде «eQonaq» (eHotel) – туристерді есепке алуға, туристік ағынды талдауға және көші-қонды бақылауды жақсартуға арналған бірыңғай ақпараттық жүйе қалыптасты. Жүйе ел ішіндегі туристік жұмыстар бойынша талдау жүргізуге жақсы әсерін береді. Сол арқылы қандай қонақ үйді және қай аймақты таңдайтынын білуге болады. Жақсы жаңалығымыз сол аудандағы 6 қонақ үй аталған жүйеге енгізіліп, жүйелі жұмысын жалғастыруда.
Біржан ӨМІРЗАҚОВ,
аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және
туризм бөлімінің басшысы
02 қазан 2022 ж. 380 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 227

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 333

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930