» » Туризм – болашаққа бағдар

Туризм – болашаққа бағдар

Жақында С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжінде «Туризм-болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» апталығының жабылу салтанаты болып өтті. Салтанатты шараны арнайы пәндер бірлестігінің жетекшісі Ш.Е.Назарова ашып беріп, қазіргі заманның жетекші мамандығы қатарына кіретін «Туризм» мамандығының еліміз үшін алатын орны ерекше екенін, соңғы жылдары туризм саласында көптеген бағдарламалар жасалғанын, сол себептен елімізде де бұл саланың дамуы қарқынды екенін айтты. Апталыққа белсенді қатысқан білім алушыларға колледж директоры атынан дипломдар, алғыс хаттар, мадақтамалар берілді.
«Ұлы даланың жеті қыры» атты ғылыми конференцияда 1-орынды Ш-171 топ студенті Шылмырзаева Фаризат, 2-орынды Т-181 топ студенті Амирбекова Наргиз, 3-орынды О-192 топ студенті Ералиев Дамир жеңіп алды. «Туризм сарқылмас саяхат» атты интеллектуалды сайысында Т-181 тобы жеңіске жетті. «Спорт және туризм» спорттық сайысында 1-ші және 2-ші курс студенттерінен құралған «Сұңқар» тобы озық шығып жеңіс тұғырына жетті.
Бұл апталықта арнайы пән оқытушысы С.Қ.Айбосынова білімгерлердің білім алуға деген қызығушылығын арттыратын оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдана білді және өз шығармашылығын шыңдап, педаглогикалық шеберлігін көрсете білді. Студенттер мамандық бойынша жақсы білім деңгейлерін көрсете алды. Ерінбей еңбек етіп, үйретері мол апталықты ұйымдастырған арнайы пән оқытушысы С.Қ.Айбосыноваға алғыс айтып, шығармашылық табыстар тілейміз.
09 ақпан 2020 ж. 1 177 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 371
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 147

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930