» » ЖАҢҒЫРУ ҚАРІПТЕН БАСТАЛАДЫ

ЖАҢҒЫРУ ҚАРІПТЕН БАСТАЛАДЫ

Латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие, осыдан болар әлем, оның ішінде посткеңестік елдер латын қарпіне көшу үдерісін бастап кетті. Соның қатарында Қазақстан да бар.

Елбасы 2012 жылы желтоқсан айында жариялаған «Қазақстан – 2050» Стратегиясында латын қарпіне көшу туралы мәлімдеп, қоғамдық резонанс тудырды. Кейін «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтулы мәселені тағы да көтеріп, нық қадам жасауға бастады. Елбасы бастамасын жандандыру жер-жерде бой көрсетуде. Соның бірі – Байқоңыр қаласындағы С.Жиенқұлов атындағы колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұргүл Әлімбаеваның айтуынша, биылғы оқу жылында колледж ұстаздары мен студенттері арасында латын қарпінде диктант жазылыпты. Ал, қалалық жастар ресурстық орталығымен бірлесе бірнеше рет дөңгелік үстел өткізген. Сонымен бірге, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі әрі әдіскер Айгүл Абауованың ұйымдастыруымен 1-2 курс студенттері арасында латын қарпін игеруде тегін курс өткізуде. Әрине, студенттердің курсқа қатысуда талабы бөлек. Нұргүл Әлімбаеваның айтуынша, Бибігүл Жылгелдиева, Фаризат Шылмырзаева, Нұрберді Аян, Салтанат Үншібай, Арайлым Әбдіқасова, Аймекен Балтабаева және басқа да дарынды жастар латын қарпіне көшуді асыға күтіп жүргендер қатарынан екен.
Колледж студенті Фаризат Шылмырзаева латын қарпіне көшу бұл жаңа бастама емес, керісінше ата-бабалалар ісін қайта жаңғырту екенін тілге тиек етсе, Нұрберді Аян латынға көшу еліміздің әлемдегі экономикасы қарыштап дамыған мемлекеттер қатарына қосылуына септеспек.
Колледж директоры Әнуарбек Дәуленбаев­тың айтуынша, алдағы оқу жылы латын қарпін сабақта қолдануды да жүзеге асыру қолға алын­бақ.
Нұр ЖАН,
«Қармақшы таңы».
11 ақпан 2019 ж. 1 207 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 373
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 148

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930