Жаңа қызметке тағайындалды
Қармақшы ауданы әкімінің 2022 жылғы 15 шілдедегі №-98/жқ өкімімен Қармақшы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына – Өмірзақов Біржан Мүтәлұлы тағайындалды.
Өмірзақов Біржан Мүтәлұлы 1988 жылы 16 қаңтарда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген.
2009 жылы – «Болашақ» университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша, 2015 жылы - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2012 жылы Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының инспекторы болып бастаған.
2013-2017 жылдары Қызылорда облысының индустриялық – инновациялық даму басқармасы өнеркәсіптік және қазақстандық мазмұнды дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
2017 – 2019 жылдары "Атамекен" ЖШС-нің бас заңгері, директордың орынбасары болған.
2019 жылдан бастап Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының Сауданы дамыту бөлімінің басшысы, Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының Инвеститциялық жобалар бөлімінің басшысы, Әкімшілік бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2022 жылдың мамыр айынан бастап Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы сыртқы байланыстар бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарып келді.
Өмірзақов Біржан Мүтәлұлы аудан аумағындағы индустриялық – инновациялық даму, туризм мен сауда қызметін дамыту мәселелері жөніндегі біріңғай саясатты жүзеге асыру, кәсіпкерлік дамуын үйлестіру, туризм қызметін дамыту мен реттеу, сауда, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының, сауда базарлардың қызметін үйлестіруді, азық – түлік бағасын тұрақтандыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды үйлестіреді.