» » Аудан әкіміне жаңа орынбасар тағайындалды

Аудан әкіміне жаңа орынбасар тағайындалды

Қармақшы ауданы әкімінің 2022 жылғы 14 маусымдағы №-55/жқ өкімімен Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары лауазымына – Далабаев Біржан Далабайұлы тағайындалды.
Далабаев Біржан Далабайұлы 1981 жылы 10 қазанда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген.
2003 жылы - Қазақ академиялық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша және 2011 жыл - Болашақ университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша аяқтаған.
Алғаш еңбек жолын 2005 жылы Қызылорда облысының монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау басқармасының жетекші маманы болып бастаған. 2006 - 2014 жылдары аралығында Қызылорда облысының құрылыс басқармасының жетекші маманы, облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы, бөлім басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2014 – 2021 жылдары Қалалық тұрғын үй шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысының орынбасары, Қызылжарма ауылдық округі әкімінің орынбасары, "Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы басшысы, 2021 жылдың тамыз айынан бастап осы уақыт дейін Қызылорда қаласының құрылыс бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарып келді.
Далабаев Біржан Далабайұлы аудан аумағындағы құрылыс нысандары, отын, энергетика, елді мекендерді көркейту, көгалдандыру, ауыз және аяқ сумен қамтамасыз ету, жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар мен қысқа дайындық жөніндегі мәселелерді үйлестіреді.
14 маусым 2022 ж. 1 401 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 406
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728