Аймақта туризм саласы дамып келеді
27 қыркүйек – халықаралық туризм күні. Қазақстан туризм күнін 1993 жылдан бері тойлап келеді. Сол жылы еліміз Халықаралық Туризм Агенттігінің құрамына кірген болатын. Осы жыл аралығында еліміз туризм саласында көшін түзеп үлгерді.
Мемлекеттік даму стратегиясын жақсы жүргізгені үшін Қазақстан осы ұйымның алдыңғы қатарлы озық елдерінің қатарына кіріп Халықаралық Туризм Агенттігінің Басқарушы Кеңесіне дейін жетті.Аймақта туризмді «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойындағы қызмет көрсету кешендері құрылысын қолдау арқылы дамыту көзделген.
Қазіргі уақытта, Қармақшы ауданы арқылы өтетін халықаралық көлік дәлізінің бөлігінде 14 нысан жұмыс жасап тұр.Қармақшы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі тарапынан, аудан бойынша туризм саласында көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Атап айтқанда: «Маргарита», «Керуен» жол бойы қызмет көрсету кешендері ашылса, «Оазис» жол бойы кешенінен қонақ үй құрылысы, «Ақсарай» жол бойы кешенінде сауда орталығының құрылысы және халықаралық көлік дәлізінің 1570 шақырымынан «Helios» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Д» санатындағы кешені құрылыстары аяқталып халыққа қызмет жасауда. Сондай-ақ, санитарлық-гигиеналық торап жылдың соңына дейінгі мерзімде пайдалануға беруді жоспарлап отыр.Сонымен қатар, ауданда Qarmaqshy Demeu Travel туристік агенті Кең байтақ қазақ жерінің тамылжыған табиғаты, терең тарихтан сыр шертетін мәдени мұраларымен танысуға Түркістан, Шымкент, Алматы қалаларындағы туристтік орындарға қысқа мерзімді турлар ұйымдастырылып келеді.
Осы ретте, туризм саласына қатысы бар барша мамандар мен бүкіл қазақстандықтарды халықаралық туризм күнімен құттықтаймыз!