» » Көкірегі сырға толы қариялар

Көкірегі сырға толы қариялар

Бұл фәниге пенде болып жарық дүние есігін ашқан әрбір адамзат баласы міндетті түрде өзі сүрген қоғамның болашағы үшін еңбек сіңіріп, өнеге қалдыруы тиіс. Ал қасиетті мекеніміздің тарихында ондай тұлғалар аз емес.
Иә, Қармақшы киелі атамекен ордасы. Онда талай дарын да талантты атпал азаматтар дүние дидарын ашып, өздері туып-өскен өлкесінің экономикасының дамуына, тұрғындардың әлеуетінің өркендеуіне үлестерін қосып, құрмет төрінен көрінгендер жетерлік десем артық айтқандық емес.
Расында да, «Туған жердің түтіні де ыстық» деп туып-өскен елінің болашағы мен ұрпақтарының саналы болып өсуіне еңбек сіңіріп, ел құрметіне бөленген атпал азаматтың бірі – Төретам кентінің тумасы Аманкелді Сисенұлы.
Ал, енді 1950 жылы өмірге келген Аманкелді ағамыз өсе келе Төретам қыстағындағы орта мектепте 8 сыныптық білім алып шыққан соң әрі қарай отбасы жағдайымен жұмысқа орналасады.
Сөйтіп алғашқы еңбек жолын Төретам стансасында теміржолшы болып бастаған ол 18 жасқа толғанда Отан алдындағы әскери парызын Польша елінде өтейді.
1971 жылы әскери міндетін өтеп келген ағамыз Тараз қаласындағы арнайы теміржол техникалық оқу орнында білімін жетілдіреді және оны бітірген соң туған жерге оралып, Төретам стансасында, Байқоңыр қаласында теміржолшы, бригадир, теміржол шебері қызметтерін абыроймен атқарады. Осы саланы дамыту мақсатында қосқан ерекше еңбегі үшін құрметті теміржолшы Аманкелді Сисенұлы облыстық, аудандық әкімдіктер мен салалық басшылықтардың, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің марапаттары мен арнайы құрметтеріне ие болады.
Кейіннен еліміз тәуелсіздік алып, жеке дара мемлекет болғанда да Байқоңыр қаласындағы ресейлік мекемеде теміржолшы болып еңбек етіп, алғысқа бөленді.
«Бейнет түбі зейнет» деп дана халқымыз айтқандай, 2016 жылы құрметті зейнеткерлік демалысқа шыққан арда азамат бүгінде өзінің өмірлік жарымен бірге үкілеп өсірген ұл-қызынан тараған немере-шөберелерінің қызықты да шаттыққа толы өмірлеріне тоймай, бақытты ата мен әже атанып отырған жайы бар.
Иә, саналы өмірін туған еліне арнап, аудан жұртшылығының құрметіне бөленген, Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда қазіргі Тұрмағамбет және Жалағаш ауданындағы Таң ауылдарының басшысы, сонымен қатар аудандық партия комитетінде лауазымды қызметтерді абыроймен атқарған Сисен Үйрековтің бел баласы Аманкелді ағай бүгінде жетпістің үстіне шыққан, айналасына өнегелі өмір жолымен үлгілі болған баталы қария.
Осы ретте айта кету керек, Аманкелді ағай биылдан бас тап, Байқоңыр қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметіне қала ардагерлерінің қолдауымен бірауыздан сайланды.
«Осы жылдан бастап, талай азаматқа қамқор болған Табынбай ағамның орнына қала ардагерлерінің қолдауымен төраға қызметіне сайландым. Әрине, еңбек ардагерлерінің сенімін ақтауға қашанда дайынмын. Бұл қызметті марқұм ағам Мақшатта атқарды. Ол кісіні ел сыйлады. Ағайым көзі тірі кезінде қалада алғашқы болып Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қалалық филиалын ашып, жұмысын жүргізді. Сондай-ақ, тұңғыш рет қазіргі «Бәйтерек» газетін ашып, байқоңырлықтардың рухани қолдаушысы ретінде танылды. Қазіргі таңда аталмыш басылым қала, аудан тұрғындарына рухани тұрғыда қызмет етіп келе жатқан бірден-бір басылым. Сонымен қатар бүгінде өзім басшылық ететін ардагерлер қоғамдық бірлестігінде 2000-ға жуық ардагер тіркелгенімен, оның 150-ден астамы қала өмірінің дамуына, жастарға қолдау көрсетуде белсенді жұмыс істеуде» дейді ардагерлер кеңесінің төрағасы бізбен әңгімесінде.
«Бірлестіктің белсенді ардагерлері – Әбдіқадір Тәжібаев, Бекболат Ниязбаев, Керейтбай Дүйсенов, Күләш Тәжібаева, Жұмагүл Бадаева, Камал Бейсенәлиева, Бұқарбай Тұрсынов және басқа да ел құр меттілері қаланың өсіп-өркендеуіне өзіндік үлестерін қосып, құрмет төрінен көрінуде. Расында да «Қарты бар елдің қазынасы бар» деп халқымыз айтқандай, ардагерлер қашанда ел бірлігін сақтауда еңбегін сіңірген ағалар деп түсінеміз. Осы ретте осындай өзінің өнегелі өмір жолымен өскелең ұрпаққа үлгі көрсеткен аға буын өкілдерін құрметтеу мақсатында Байқоңыр қа ласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин мен Қазақстан Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі өкілі Қайрат Нұртай әрдайым қала қарттарына қолдан келген көмегін беріп, қолдау көрсетіп келеді. Мерекелік салтанаттарда әрқайсысы арнайы келіп құрметтеп кетеді. Ал, ардагерлер кеңесі өз тарапынан кеңес мүшелері үшін түрлі іс-шаралар өткізіп тұрады. Өскелең ұрпақпен арнайы тақырыпта кездесулер өткізіп, ұлттық салт-дәстүр және басқа да игі шаралар ұйымдастырып, жас ұрпақпен өздерінің өмірден алған тәжірибелерімен бөлісіп отырады» дейді Аманкелді Сисенұлы кеңестің бүгінгі атқарып отырған жұмысына тоқталып.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
02 қазан 2022 ж. 472 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 281

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 376

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930