» » Көңілге нұр, өмірге шуақ берген

Көңілге нұр, өмірге шуақ берген

Әрбір отбасында бала өз анасынан кейін мектепте тәрбие мен білім беретін мұғалімді екінші анасы есептейді. Отбасында өмірге әкелгені үшін анасын қадірлесе, білім ұясында әріп үйретуден бастап күрделі дүниелерге дейін ой-санасына құйғаны үшін ұстазын қастерлейді. Жанұяда ата-ана қамқорын соқса, мектепте ұстазы бағыт-бағдар беріп, тәрбиенің сан түрін санасына сіңіртіп өсіреді. Міне осындай бала жанының бағбаны атанып, жүздеген шәкіртін біліммен қаруландырып келе жатқан ұлағатты ұстаздың бірі, педагог-зерттеуші – Индира Әбдіқалықова.
Ол Ақтөбе ауылында 1973 жылы дүниеге келген. 1990 жылы мектеп бітіріп, Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетіне қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша оқуға түседі. 1995 жылы аудан орталығындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепке мұғалім болып орналасып, еңбек жолын бастайды. Содан беріде осы білім мекемесінде 27 жыл ұстаз ретінде оқушыларды білім нәрімен сусындатып, түлетіп келеді. Тәжірибесі толысқан білікті ұстаздың өлшеусіз еңбегі ескеріліп ол аудандағы қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің жетекшісі етіп таңдалған. Сондай-ақ Ы.Алтынсарин білім академиясының 12 жылдық бағдарламасын талқылаушы республикалық шығармашылық тобының белді мүшесі болып табылады.
Білім саласының озаты отыз жылға жуық еңбек жолында көптеген жетістікке жетіп, марапатқа ие болды. Соның кейбірін атап айтар болсақ, 2017 жылы Білім және ғылым министрлігінің алғысымен марапатталса, 2020 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен өткен VII Ясауи олимпиадасы қазақ әдебиеті пәні бойынша жеңімпаз оқушыны дайындағаны үшін ректордың алғысына ие болған. «Болашақ» университетінің ұйымдастыруымен мектеп бітіруші түлектері арасында өткізілген «BOLASHAK SCIENCE» атты онлайн ғылыми жобалар байқауына ғылыми жетекшілік жасағаны үшін де жоғары оқу орнының мадақтамасын иеленген. 2021-2022 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының жүлдегер оқушысын дайындағаны үшін республикалық «Дарын орталығы» директорының алғыс хатына, сондай-ақ екі жыл қатарынан білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің құрмет грамотасына лайықты деп танылған. Одан бөлек облыстық «Қазақ тілі» қоғамының, Төретам кенті әкімінің, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай облыстық «Өрлеу» педагогикалық орталығының марапаттарын алған. Сонымен бірге 2019-2020 оқу жылында Халықаралық І педагогикалық оқуларында «Үздік педагогикалық өнім – 2020» байқауының «Үздік авторлық бағдарлама» номинациясы бойынша І орын иегері атанса, 2020-2021 оқу жылында республикалық «PISA – ұлттық білім беру жүйесінің негізгі көрсеткіші» онлайн ғылыми-тәжірибелік конференциясында баяндама жасап, ол жинаққа енген. Аймақтық «Ы.Алтынсарин: ұлттық педагогика, методология» атты ғылыми-педагогикалық конференциясында да баяндамасы үздік шығып жинаққа басылған. Өткен оқу жылында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұйымдастырған халықаралық «Тұрақты даму мүддесіне сәйкес үздіксіз білім беру: жаңа міндеттер. 1 кезең» VII ғылыми-практикалық конференциясына қатысқаны үшін сертификатқа ие болса, «Қазіргі заманғы ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелері және Ахмет Байтұрсынұлының мұрасы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясында белсенділігі үшін алғысқа бөленген. Қорқыт ата университеті ұйымдастырған «Алаш әдебиетін орта мектепте және ЖОО-да оқытудың өзекті мәселелері» және «Жаңа қоғамдық мұғалімінің бейнесі, оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы құзіреттілігін дамыту мәселелері» тақырыптарындағы респуб ликалық ғылыми-әдістемелік конференцияларының қатысушысы. Ұстаздың «Жаңартылған білім мазмұны аясындағы мұғалім көшбасшылығының маңыздылығы» тақыры бындағы әдістемелік жинағы республика көлеміне таратылып, тәжірибесі басшылыққа алынды. Сабақтары республикалық «Білім бойтұмары» журналына, «Ұстаз мәртебесі» газетіне жарияланғаны – жас мамандарға үлгі-өнеге.
2020-2021 оқу жылында 5 сынып оқушысы Мерей Сүйінбайқызы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде 3 орын иеленсе, өткен оқу жылында республикалық олимпиадаға қатысқан 6 сынып оқушысы Мөлдір Алтынбайқызы облыстық кезеңінде 1 орын, республикалык кезеңінде 2 орын иеленіп, ұстаз еңбегін ақтады. Республикалық Мағжан оқуының облыстық кезеңінде оқушысы Назерке Әбдіқадыр 3 орын алса, облыстық «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы өткізген «Өшпес ерлік даңқы» атты оқушылардың облыстық ізденіс байқауына қатысқаны үшін бірнеше оқушысы сертификатпен марапатталды. «Болашақ» университетінің ұйымдастыруымен мектеп бітіруші түлектері арасында өткізілген «BOLASHAK SCIENCE» атты онлайн ғылыми жобалар байқауына белсене қатысқаны үшін 11 сынып оқушысы Ғазиза Нұрмағамбетова сертификатпен ынталандырылса, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен өткен VII Ясауи олимпиадасында 11 сынып оқушысы Ұлжан Абытова қазақ әдебиеті пәні бойынша 1 орын иеленіп, ректордың грантын жеңіп алды. Облыстық буктрейлер байқауына қатысқан оқушысы Еркеназ Жақсылық 2 орыннан көрінсе, тағы бір оқушылары Назерке Әбдіқадыр мен Дәулет Бекжанұлы «Ономастика – қоғам – уақыт» атты жас ғалымдардың VІІ халықаралық ғылыми-танымдық конференциясында баяндама оқып, алғыс хатпен мадақталған. Жаңа оқу жылында оқушысы Мөлдір Алтынбайқызы халықаралық Ясауи байқауының облыстық кезеңінде 2 орын алып, республикалық кезеңіне жолдама ұтып отыр.
Ұстаз – қашан да шәкіртінің бетке ұстар тұлғасы. Соған еліктейді, соған қарап бой түзейді. Осы ретте ұстазының жолын қуған шәкірттері журналист Самат Сүлей, No250 мектеп-лицейдің мұғалімдері Жанар Айтжанова, Ғазиза Тайшықова, No277 мектептің мұғалімі Күнсұлу Маханбетова, Алматыдағы орта мектептің бірінде мұғалім болып істеп жүрген Нұрай Айтбаева, аудандық мәслихаттың депутаты Айдынбек Скендіров, мектеп мұғалімдері Гүлбейне Скендірова, Аружан Асқаровалар – ұстаз мақтаныштары. Сонымен қатар Алматы Мемлекеттік Ұлттық университетінің студенттері Аружан Шәлтікова, Ұлжан Абытова, әл-Фараби атындағы Мемлекеттік Ұлттық университетінің студенті Қасиет Үргенішқызы, Арқалық Мемлекеттік университетінің студенті Қарақат Танашбекова, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Ерсін Емішов ұстаз жолын келешек жалғаушылар. Индира Тұрсынбайқызы отбасында ардақты ана, асыл жар. Жолдасы Ғалымжан Саршаевпен бірге 3 ұл тәрбиелеп өсіріп отырған бақытты ата-ана. Балалары – Мұрат аудан әкімдігінде маман болса, Мақсат Қызылорда қаласында мемлекеттік жоғары медицина колледжінің студенті, Бекзат No26 орта мектептің оқу озаты. «Мұғалім – мектептің жүрегі» дегендей, қызмет еткен ортасын абыройға, жас шәкірттерін жетістікке жетелеген білікті ұстаздың алар асуы бұдан да биік боларына сенім мол. Себебі мол тәжірибе жинақтаған ұлағатты жанның болашаққа деген жоспары қашанда бәрінен жоғары тұрмақ.
Сәрсенкүл АҚКІСІ
01 қазан 2022 ж. 449 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 015

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031