» » Армысың, өрелі өнер ордасы!

Армысың, өрелі өнер ордасы!

Аудан орталығындағы Оқушылар үйінің қосымша білім беру жүйесінде орны бөлек. Білікті ұстаздар шоғырланған өнер мен білім ордасының талантты балаларға әрдайым есігі айқара ашық.
Айтулы тәрбие мен білім ошағы үшін 15 қыркүйек – жаңа оқу жылының бастау алар айрықша күні есептеледі. Осы күні жылдағы дәстүрмен биыл да "Армысың, өрелі өнер ордасы!" тақырыбында мерекелік жиын өтті. Оған "Аңсаған" мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақыткүл Райымбаева, Жастар ресурстық орталығының директоры, ақын Сырым Әділбеков қадірлі қонақ ретінде қатысып, балаларға жылы лебіздерін жеткізді. "Адамның бір қызығы бала деген" демекші, перзентінің болашағынан үлкен үміт күтетін әрбір ата-ананың көңіліне қуаныш ұялатқан іс-шарада әсем әндер шырқалып, биден шашу шашылды. Сонымен қатар мерекелік жиын барысында балалар қоңырау қағып, "Балалар жылында" жаңа оқу жылының жаңа қарқынмен бастау алып жатқанының куәсі болды.
Перизат САДАҚБАЙҚЫЗЫ,
үйірме жетекшісі
20 қыркүйек 2022 ж. 364 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10391)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (10390)

29 наурыз 2025 ж.

№21 (10389)

23 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 563
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930