» » Дара тұлғамызға – 150 жыл

Дара тұлғамызға – 150 жыл

Ахмет Байтұрсынұлы 1882 жылы Торғай уезінің – қазіргі Қостанай облысы, Тосын болысында дүниеге келген. Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеушісі ғалым, түркітанушы, публисцист, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының  20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тілі білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаты, ағартушы, Алаш – орда өкіметінің мүшесі.
Ахмет  Байтұрсынов – ең алдымен, қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашып, әрі қарай қазақ тілінде оқуын жалғастыруға көп күш жұмсаған ағартушы. Ағартушылық мақсаты – өз алфавитін жасау, оқулықтар жазу. Осы мақсаты орындау үстіне ол қазақ тілін, оның дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын баяндап, талдап танытқан зерттеуші әрі сол зерттеушілерінің негізінде «Әліппе», «Маса», «Қырық мысал» атты оқулықтарын жазған. «Масаның» негізгі идеялогиясы – жұртшылықты оқуға, өнер-білімге шақыру, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу. Ақын халықты қараңғылық, енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерден арылуға шақырды.
1913 жылы Орынборда «Қазақ» газетін шығара бастады. Газет қазақ халқының ұлттық санасын оятып, азаттық күреске шақырды.
Байтұрсынов шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық – отаршылдық саясатын, шенді – шекпендінің алдында құлдық ұрған шенеуліктердің опасыздығын сынайды.
Бүгінгі күнде біз ұрпақтары қаншама термен, қиындықпен келген әліппейімізді пайдаланып, дара тұлғамызды еске алып, құрметтеп алғыс білдірудеміз. Міне, халқының азаттығын, елінің тәуелсіздігі жолында жан аямаған дара тұлға – Ахмет  Байтұрсынұлын біздер қалай танимыз!
Қармақшы аудандық сотының жетекші маманы А.Жақыпбек
09 қыркүйек 2022 ж. 582 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930