» » Қысқа қам қазірден

Қысқа қам қазірден

АУЫЛДАҒЫ ГОКЧАК АПАЙДЫ БІЛМЕЙТІН ЖАН ЖОҚ. ҚОЛЫНАН КӨП ІС КЕЛЕТІН ҚОЛЫ БЕРЕКЕЛІ, ӨЗІ АҚЖАРҚЫН, КӨПШІЛ, МІНЕЗІ АШЫҚ, ПЫСЫҚ, БӘРІ ДЕ БІР БОЙЫНАН ТАБЫЛАТЫН КІСІ.
Өзі зейнеткер. 65 жастағы апамыз әлі ширақ қозғалады. Қазақшаға судай. Қазір техниканың дамыған заманы ғой бұрынғыдай үй аралап жүрмеймін, ауыл алақандағыдай болғаннан соң, кім немен айналысатынын, кімнің еңбекқор екенін жазбай танимыз.
Үй жағына бара қалсаңыз алдыңнан жүгіріп шығып, күлімдеген апамыз қарсы алады. Отбасы да қонақжай. Талай журналистердің дәм татқан үйі. Дарбазадан кіре жайнаған, құлпырған, мен мұндалаған түрлі әсем гүлдерді көресіз.
Бау-бақшасы жайнап тұр. Жаныңа не керектің бәрі осында. Қызанақ, қияр, ащы-тұщы бұрыштар, сәбіз, пияз сорт-сортымен өсіп тұр. Жазғы өнім жинап болған соң, күзгісін тағы егіп қояды.
Гокчак апамызға құрдастары «Гокчак біз де сен еккендей егеміз ғой, бірақ дәл сенің өніміңдей болмайды. Шамасы енді жерден шығып келе жатқанда құлағынан тартып-тартып қоясың-ау» дейді екен. Оған да күліп алдық. Күз келе Тәшкен жидесі деп жатамыз ғой, ол да төгіліп, жан-жақтың бәрін тәп-тәтті иісі алып кетеді. Қазір апамыз түрлі банка жауып жатыр. Қияры бар, салаттардың түр- түрі, тосаптар.
«Апай, сіз деген әлі жап-жассыз, сіздің кейбір қатардағылар сізге қарағанда қартайғандай болып көрінеді» деп сұрағанымда «Оның сыры менің тынымсыз еңбек етуім. Ала жаздай бақшадан шықпаймын. Шетінен жинаймын, алатындар болса сатамын. Жылдағы әдетім де, жұмысым да осы. Жылына 200-ден аса банка жабамын. Істеймін, еңбектенем деген адамға жұмыс көп. Осы тынымсыз тірлігімнің арқасы болар, жас көрінетінім. Сосын анау-мынау ұсақ-түйек әңгімелер болса бас қатырмаймын. Балаларыма керекпін, солардың қызығын көруім керек қой» дейді.
Қарап отырсақ, апамыз өте дұрыс айтады. Өз ісімен өзгеге үлгі болып, тынымсыз еңбегінің арқасында елге сыйлы болар осындай жандардың қатары көп болса екен.
Рима ТҰРМАНОВА,
ІІІ Интернационал ауылы
08 қыркүйек 2022 ж. 378 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930