» » Береке – бірлігі барға келеді

Береке – бірлігі барға келеді

Бұған дейін жосалылықтарға үлгілі ауласымен таныс Өмірбековтерді білмейтіндер кемде-кем. Аудандық аурухананың механигі болып 30 жылға жуық еңбек еткен Әділбек ағаның қолынан келмейтіні жоқ. Механик емес, мықты архитектор болатын азамат шаңырағына табан тіресең табалдырықтан төрге дейінгі тазалықпен қоса, тиянақтылыққа тәнті боласың. Бұл отбасында тек ер азаматтар емес, нәзік жандылар да пысық болып шықты. Әңгіме оның жары Гүлпаршын апай мен екі келіні Мөлдір мен Раунаққа бағытталады. Гүлпаршын Оспанова аудандық ауруханадағы терапия бөлімінің шаруашылық меңгерушісі болса, үйдің үлкен келіні Мөлдір балабақшада тәлімгер. Раунағы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінде әдіскер.
– Несібемізге бізге екі келінді де адалынан берді. Екеуі де пысық. Дәмді ас әзірлеу, тәттілер пісіру, одан қалды үйдің тазалығы оларға таңсық емес. Аналарынан алған тәрбиелері болар, көп нәрсе үйретіп шаршағаным жоқ. Балаларын бағып, жұмыстарына да үлгереді. Есік алдының бәрі бау-бақша, жеміс ағаштары. Оны ысырап етпей үлгерте білу де өнер ғой. Жасымнан банка басамын. Қарап отырсам келін боп түскен 33 жылымның бірде-бірінде қысқа әзірлікте банка баспаған кезім жоқ екен. Өзім бастаймын, келіндерім қоштайды. Тамыздың басынан бүгінге дейін тосап, тұздалған қияр мен қызанақ, бірнеше салаттар басып үлгердік. Қарашаға дейін әлі қанша басамыз деп жоспарлап отырмыз, – дейді бір бөлмеде жиналған банкаларды кезек-кезек таныстырған Гүлпаршын Рахымтайқызы.
Ата-ененің қолында тұратын келін Раунақ анасына тартқан. Тігін тігу де, көрпе көктеу де оған таңсық емес. Бөлме гүлдерін өсіріп, ауланың да құлпырып тұрғанын қалайды.
– Сыртқа қауын-қарбыз, картоп, сәбіз егеміз. Қысқа міндетті түрде қарбыз сақтаймыз. Шелек-шелек қырыққабат тұздаймыз. Компоттар өз алдына. Соның барлығын мамырға дейін емін-еркін жейміз, ауысқанын туысқандарға үлестіреміз. Көк қызанақтың өзін тас­тамай, керемет салаттар дайындауға болады. Банка басу – әйел адамның шабыт алатын жұмысы ғой. Дастарқаның тағамға толы болса береке емес пе? Отбасы мүшелерінің әрқайсысы әр жаққа тартатын болса, ештеңе болмайды. Береке – бірлігі барға келеді, – дейді ерінің тапқанын үлгірте білетін үлгілі ене мен келін.
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА
12 қазан 2021 ж. 672 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 331
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031