» » Ел мүддесіне сай Жолдау

Ел мүддесіне сай Жолдау

Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет, біртұтас ұлт, берекелі қоғам» Жолдауында халқымыздың жалпы ұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдағанын айта келіп, Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы реформаларының бағдарламаларын айқындап берді.
Мен, Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын тыңдап ой елегінен өткізіп, қанағаттанарлық сезімде, болашақ дамуымыздың негізі болатынына сенімде болдым. Мемлекет басшысының бұл жолғы Жолдауын барша қазақстандықтардың тағатсыздана күткені анық. Өйткені Жолдаудың негізгі мазмұны саяси реформаларға қатысты болатын. Қаңтар дүрбелеңінен және халқымыздың Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жалпы ұлттық референдум қорытындыларынан кейін дағдарып тұрған жұртшылық Президенттен Жаңа Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған тың бастамалар күтті.
Қоғамда көптен бері талқыланып, шешімін таппай келе жатқан өте өзекті және түйткілді мәселелерге осы Жолдауда негізінен жауап берілді деп ойлаймын. Ең бастысы Мемлекет басшысының осыдан бұрынғы ұсынған бағытының нақты жалғасы, тұрақты бағыты барын аңғардық. «Мықты мемлекет, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет» қағидасы қалтқысыз жүзеге асырылатыны тағы да айқындалды. Елімізде болатын алдағы сайлау науқандарының мерзімдері жария етілді. «Мен биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын» деп атап көрсетті Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді және қайта сайлауға тыйым салуды ұсынды.
Көптеген сарапшылар қазіргі геосаяси жағдайда және еліміздің жан-жақты дамуында бұл ұсыныстың көптеген тиімді жақтарының бар екенін талдап көрсетуде.
Ал, Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын келесі жылдың бірінші жартысында өткізуді межеледі.
Елімізде жаңа партияларды тіркеу процесіне бірқатар жеңілдіктер енгізілетіні белгілі. Мұның бәрі айналып келгенде Президенттің елімізде көптеген жылдар бойы қалыптасқан саяси монополияны жою мақсатын көрсетеді. Ендігі кезекте партиялар арасында ашық бәсекелестік артып, саяси аренаға жаңа күштер қосылып, қоғамның белсенділігі артары айқын. Міне сондықтан да Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттары сайлауының келер жылға қалдырылуы дұрыс деп санаймын. Сайлау үдерісінде пропорционалды жүйемен бірге мажоритарлық жүйе де қолданылатын болады. Бұл да қоғам тарапынан көптен бері қозғалып келе жатқан толғақты мәселелердің бірі. Әрине түптің түбінде барлық дамыған елдердегідей Қазақстан қоғамының бірыңғай көппартиялы жүйеге көшері айқын. Алайда қазіргі қоғамдық ахуал мен саяси мәдениетіміз пропорционалды жүйеге бірден емес, біртіндеп өтуді қажет етіп тұрған сыңайлы. Бұл ретте саяси партияларда маңызды міндеттерді мойнына алып, қоғам мүддесіне шынайы қызмет ететін тұлғаларды өз идеологиясының төңірегіне біріктіре білуі шарт. Қазіргі кезеңде аудандық мәслихат депутаттарын мажоритарлық жүйемен сайлауы ауылдық жерлердегі даму үдерісіне өте қажет деп есептеймін. Мұндай қадам жергілікті ортада бәсекеге қабілетті саяси орта қалыптастыруға жол ашатыны түсінікті. Халықтың арасынан оза шауып, тұрғындардың мұң-мұқтажын қозғап жүрген жаңа тұлғалардың саясат сахнасына шығуына мүмкіндік береді. Әр округтен сайланған депутат сайлаушылар алдында сайлауалды бағдарламаларын жеткізіп, мақсаттарын айқындайды, олардың аманатын арқалайды. Тұрақты түрде орындауы жайлы есептерін береді, жауапкершілігі арта түседі. Тұрақты байланыс орнап, іс нәтижелі болады. Депутаттар халыққа жақындай түседі.
Енгізілген өзгерістердің тағы бір ерекшелігі – сайлауалды уәдесін орындамаған депутаттарды кері шақырып алуға болады. Түсінікті тілмен айтсақ «уәдені үйіп-төгіп беріп», артынан сайлаушылар аманатын ұмытқандар азаяды. Жауапкершілік пен сенімге негізделген мұндай саяси мәдениет – депутаттарға ықпал етудің демократиялық жолы болмақ.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Біз орталық мекемелерді оңтайландыру арқылы жергілікті атқарушы органдардың өкілеттігін айтарлықтай кеңейтуіміз керек. Бұл тәсіл қордаланған мәселелерді өңірлерде, ел ішінде шешуге мүмкіндік береді. Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің қызметін өзгертуге айрықша назар аудару қажет» деп атап көрсетті. Қоғамдық кеңестер жұртшылықты толғандыратын мәселелер бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу, қоғамдық мониторинг жүргізу, қоғамдық сараптама жасау, мемлекеттік органдар жұмысының нәтижелері туралы есептерін тыңдау арқылы ықпалды қоғамдық бақылау орната алады.
Жалпы ұсынылған реформалардың барлығы Қазақстанның дамуына тың серпін беретін, дер кезінде қолға алынатын шаралары. Бұл бір күндік немесе бір жылдық емес алдағы перспективалық ауқымды жұмыстардың жиынтығы. Мақсатқа жету үшін ел-жұртымызға, ең алдымен ауызбіршілік керек. Ақыл мен сабыр, парасат пен ұстамдылық қажет.
Әбдірахман ҚҰЛДҮЙСЕНОВ,
аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы
07 қыркүйек 2022 ж. 344 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 362

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 441

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930