» » Ел мүддесіне сай бастама

Ел мүддесіне сай бастама

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл Конституциялық реформа бүкіл мемлекеттік үлгінің кешенді өзгеруіне бағытталып отыр.
Президент өз бейнеүндеуінде әрбір азаматқа бірдей мүмкіндік жасалып, әркім қарым-қабілетіне сай қоғамнан өз орнын иеленетін Жаңа Қазақстанды, Әділетті Қазақстанды бәріміз бір ел болып құратынымызды айтты.
Мен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейнеүндеуін тыңдап, ой елегінен өткізіп, үлкен қанағаттанарлық сезімде, болашақ дамуымыздың негізі болатынына зор сенімде болдым. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұстанымы жайдан-жай туындаған жоқ. Ол елдің демократияландыру мен дамуындағы өмір және уақыт талабы болды.
Президент шешімінің негізінде Конституцияға енгізілуге ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар білікті мамандардан құрылған арнайы жұмыс тобында жан-жақты талқыланып, зерделенді. Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесінің Заң жобасының ҚР Конституциясына, соның ішінде Негізгі Заңның 91-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес деп танылған шешімі шықты. Соңғы рет Референдум тетігі 1995 жылғы қазіргі Конституцияны қабылдау кезінде қолданылды. Айта кететін жайт, одан кейін ел Конституциясына енгізілген төрт түзетудің бәрі Парламенттік дауыс беру арқылы өтті. Бұрынғы «Сара жол» арқылы бұл өзгерістерді де Парламент арқылы қабылдап жіберуге болатын еді. Бірақ алғаш рет Конституциялық реформа тікелей бүкілхалықтық дауыс беру арқылы жүзеге асырылатын болады, бұл оның жалпы ұлттық сипатын айқындайды.
Алдағы Конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы қарым-қатынас теңгерімін оңтайландырады, Халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейтеді, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтеді.
Осыған орай, баршаңызды елдің ертеңі үшін Президенттің батыл бастамасын қолдап, референдумға қатысуға шақырамын!
Әбдірахман ҚҰЛДҮЙСЕНОВ,
аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы
07 мамыр 2022 ж. 441 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 116

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930