» » Жолдаудағы – жаңа бағыттар

Жолдаудағы – жаңа бағыттар


Жаңа оқу жылының алғашқы күнінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады.
Президент Қазақстан халқына жасаған кезекті Жолдауында еліміздегі жүргізіліп отырған Конституциялық реформаның негізгі бағыты - саяси-әлеуметтік жүйені жаңғырту арқылы әділетті Қазақстанды құру екендігін баса айтып, халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрмысы төмен отбасылардың жағдайына көңіл бөліп, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жағдайын жақсарту, кіші және орта бизнесті дамыту, макроэкономикалық жүйені тұрақтандыру, жаңа салық саясатын енгізу өзге де бағыттарға "бір терезе" қағидатын енгізуді атап өтті.
Мұнымен бірге, білім, бала болашағы, табысты ұлт болудың сатыларына да кезекпен тоқталды.
Сондай-ақ, Жолдауда мені қызықтырғаны, Президенттің «Біз «Азамат – бизнес-мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз» деген сөзі көп кәсіпкерге серпін бергендей. Оның дәлелі шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты бірқатар бағыттарды ұсынды. Мұнымен қоса қарапайым еңбек адамдарын да назардан тыс қалдырмай, ең төменгі жалақыны 70 мыңға дейін көтеру керектігін қадап айтты.
Саяси құжаттың соңында Президент еліміздің саяси өмірінде бірқатар өзгерістер орын алатындығын жеткізді. Айтар болсақ, осы жылдың күзінде кезектен тыс Президент сайлауы өтетіндігін, оған өзінің қатысуға дайын екендігін мәлімдеп, келесі жылдың бірінші жартысында барлық деңгейдегі депутаттардың сайлауы өтетіндігін атап өтті.
Бәрінен де мемлекет мүддесін биік санаған Президент ашық бәсекелестік орныққан және бәріне тең мүмкіндік берілетін Әділетті Қазақстанды құрып жатқандығын жеткізді. «Бұл жолда бәріміз бірлігімізді бекемдей білсек, ешқашан әділеттіктен аттамасақ, берекелі ел боламыз» деді. Қасым-Жомарт Кемелұлы сөз соңында қасиетті Отанды бірге өркендетуге шақырды.
Азат Өмірбеков




04 қыркүйек 2022 ж. 344 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930