» » Сексеуіл – құмды шөлдің қорғаны

Сексеуіл – құмды шөлдің қорғаны

Табиғатты қорғау – барлық адамзаттың ең маңызды әрі қажетті міндеттерінің бірі. Әрбір адам айналасындағы өлі және тірі табиғаттың керемет те мәңгілік сұлулығын өзі үшін, келешек ұрпақ үшін қорғауға міндетті. Өйткені адамзаттың табиғатсыз күні жоқ. Еліміздегі жалпы орман қорының 50%- дан астамын сексеуіл ағаштары құрайды. Сексеуіл – құмды шөлдің қорғаны, ол құмды бекітіп ұстап тұрады. Сексеуіл ағаш тұқымдас өсімдік. Орталық Азия мен араб елдерінде онға жуық түрі болса, біздің елімізде ақ, қара және зайсан сексеуілі деген үш түрі кездеседі. Ақ сексеуіл құмды төбелерде, қарасы тегіс жазықтарда өседі. Оның тамыры 10- 11 метр тереңдікке дейін кетеді. Оларға баяу бой көтерер кірпияздық тән. Жиырма бес жылда 1,5-2 метрге дейін өседі, тіпті бұтақтарының биіктігі 5 метрге дейін өсетіндері де кездеседі. Ал қарасы ақ сексеуілге қарағанда жуандау әрі ірі келеді, биіктігі 7 метрге дейін жетеді. Тамырын тереңге жаяды. Осы екеуіне тән ерекшеліктер зайсан сексеуілінде де бар. Сексеуіл құмды шөлдің қорғаны болып табылады. Олай дейтініміз құмды бекітіп ұстап тұрады. Сексеуілдің жас өскіндері түйеге, қойға жақсы азық. Оның себебі жас бұтақ жапырақтың қызметін атқаратын болғандықтан құрамында малға қажетті барлық органикалық заттар болады және көп суы бар. Бұл малға бір жағынан азық болса, екіншіден сусын. Сексеуіл шөлдің тірі қазба байлығы болып табылады. Оның себебі отқа жаққандағы қызуы жағынан нағыз қазба байлық тас көмірден кем түспейді. Сексеуілдің қоршаған ортаның тепе-теңдігін сақтап тұруда ерекше орны бар. Дүлей соққан желден құм көштерін тоқтатады. Сексеуілдерді қорғаныш ететін жан-жануарлар мен жәндіктер қаншама. Әсіресе түз тағылары – киіктерге сексеуілдердің арасы өсіп-өнулеріне өте қолайлы.
Сан ғасырлық тарихы бар қазақ жерін қай саласына қарай ойыса айтсақ та мүмкіндігіміз мол. Елімізден 6000-ға жуық өсімдіктер түрлерін кездестіруге болады. Тіпті бірінші орында тұр десек те болады. Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішінде мол қасиеті маңыздылығымен ерекшеленетін бұта тектес өсімдік – сексеуілдің ерекше қасиетін зерттеудің маңыздылығы айтпаса да түсінікті. Сондықтан осыны жүзеге асыру мақсатында сексеуілдің халықтың педагогикасында алатын орны ерекше.
Ерхан ҚАРАЖАНОВ,
«Қармақшы орман және жануарлар дүниесін
қорғау мемлекеттік КММ-нің орман шебері
03 қыркүйек 2022 ж. 1 050 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 008

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031