» » Ардагерлер – ел ұйытқысы

Ардагерлер – ел ұйытқысы

Қазақ қоғамының ел билеу дәстүрінде бұқара халық пен биліктің арақатынасында көпір қызметін атқаратын институт болса, ол ақсақалдар немесе ардагерлер кеңесі. Бейнелеп айтсақ, халық – киіз үйдің керегесі, билік – шаңырақ болса, ал ақсақалдар кеңесі сол араны жалғайтын уық. Ел қашан да қариясына қарап өсіп, көргендерін бойына түйеді. Жалпы ардагерлер кеңесі – ел ішінде орын алған сан-сипат мәселелерді талқыдан өткізіп, кесім шығаратын жерде бір шешімге келіп, жоғары инстанцияға ұсыныс беретін халықтық басқарудың бейресми тұрпаты.
Қазір кез келген аймақ, аудан, ауылдарда ардагерлер кеңесі белсенді жұмыс жасауда. Соның бірі – Төретам кентіндегі ардагерлер кеңесі. Бүгінде ақсақалдарды бір арнаға ұйыстырып, олармен етене араласуда кент ардагері – Смағұл Аралбаев төрағалық етіп отыр. Ол осы қызметке келіп, халық пен биліктің арасында алтын көпір болғанына төрт жылдан асыпты. Еңбек жасындағы кезеңінде ерінбей еңбек еткен аға буын өкілі «зейнетке шықтық, жасымыз келді» деп жантайып қалмай, әлі де белсенді әрекет үстінде.
– Төретам кентінде 800-ден аса ардагер болса, бүгінде олар өз саласы бойынша зейнетке шыққандар. Ардагерлер алқасы болып аптасына 2-3 мәрте бас қосып отырамыз. Түрлі мәселемен келген азаматтардың өтініштерін тыңдап, оның жоғары жаққа жетуіне жұмыс жасаймыз. Халықпен тығыз байланыс орнатып, көп шоғырланған ортаға барып кездесу өткізіп тұрамыз. Жиналыс, іс- шараларға қатысып, жастарға ақыл-кеңесімізді айтамыз. Мешіт имамдарымен бірлесіп діни экстремизмнің адын алу мақсатында жиындарға қатысамыз. «Алуан, алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады» демекші қолымыздан келгенімізді жасап, елдің ұйытқысы болуға қызмет істеп жатырмыз, – дейді ардагерлер кеңесінің төрағасы Смағұл Аралбаев.
Жоғарыда айтып кеткендей ел ағасы кент ісіне қатысты түрлі іс-шараларда белсенді. Халықты ауызбіршілікке шақыруда ақсақалдық ақылын айтса, жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеуде ерекше үлес қосып келеді. Елге сөзің өту үшін алдымен өзің көпке үлгі болуың керек дейді ол сөзін әріден бастап.
– Ардагерлер кеңесінің төрағасы болу үшін алдымен отбасыңа, сосын елге сыйлы болуың керек. Сөйлейтін жерде ойланып, ойыңды ашық айтқан жөн. Қазір жастар көп нәрсені білмейді деп жатады. Керісінше жастар сенен артық түсініп біліп тұрады. Сол үшін олардың алдында аталық ақылың басым болуы керек. Адамды биікке көтеретін де, өлтіретін де сөз, – дейді ел ағасы.
Қазақта «Ауылыңда қарт болса жазып қойған хатпен тең, төскейіңде қыр болса ерттеулі тұрған атпен тең» деген мақал бар. Адамшылықтың осы бір қасиетті жүгін кенттегі ардагерлер нақты іспен дәлелдеп келеді. Ел өміріне қатысты қоғамдық, саяси, рухани, мәдени салаларының қай-қайсының өркен жаюына білек сыбана кірісіп, белсенділік танытып жүрген де осы кісілер.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
31 тамыз 2022 ж. 786 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031