» » Құрылыста қарқын бар

Құрылыста қарқын бар

ҚҰРЫЛЫСШЫ – АДАМЗАТ ӨРКЕНИЕТIНIҢ БАСТАУЫНДА ТҰРҒАН МАМАНДЫҚ. КЕЗ КЕЛГЕН ЕЛДIҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КҮШ-ҚУАТЫ МЕН ӘЛЕУМЕТТIК ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ТIКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТЫ. МЕМЛЕКЕТ ҚОЛДАУЫМЕН ТӘУЕЛСIЗДIК ЖЫЛДАРЫ ЕЛДЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫН ДАМЫТУҒА БАРЫНША ЖАҒДАЙ ЖАСАЛДЫ. ОТАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫС ИНДУСТРИЯСЫ ҚАНАТ ЖАЙЫП, БҮГІНДЕ ӘР ТҮКПІРДЕ ТҮРЛІ НЫСАНДАР БОЙ КӨТЕРДI.
Осы салада тер төгіп жүрген мамандық иелері жаздың аптап ыстығына, күннің үскірік суығына, ауа-райының тосын мінезіне тосылмастан еңбек етіп, қалың жұртшылықты жаңа баспана немесе мәдениет үйі, мектеп, аурухана секілді нысандармен қуантып жүр. Қандай да ғимаратта құрыш қолды құрылысшылардың қолтаңбасы қалуда. Құрылысшыларға бағыт-бағдар беріп, олардың жұмыс жоспарын жасап назарға алатын арнайы бөлім қызмет ететінін бәрі біледі. Біздің ауданның да жыл санап өркендеп, көрікті мекенге айналуына құрылыс бөлімінің қосып жатқан өзіндік үлесі зор. Қарқынды жүріп жатқан құрылысқа, кенттің көркін кіргізер архитектуралық жұмыстарға аз-кем тоқталып өткенді жөн санадық. Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің атқарған, алдағы уақытта атқарар жұмысы ауқымды. Кез келген жаңа жоба, жаңа нысанның көзге көрінбес жұмысының барлығын осы бөлімнің мамандары атқарады. Аудандық құрылыс бөлімі ұсынған мәліметке сәйкес, өңірде бірнеше нысанның құрылысы қарқынды жүруде.
Аудан көлемінде бүгінгі күні 13 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек мемлекеттік сатып алу конкурстарының нәтижесіне сәйкес 3 нысанның құрылысын бастау жоспарланған. Оның ішінде «Нұрлы-Жер» мемлекеттік бағдарламасы арқылы Байқоңыр қаласында 50 пәтерлік 5 тұрғын үйдің құрылысы, «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Балық цехын» сыртқы электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз ету жобасы жүзеге асырылуда.
– «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Жосалы кенті мен Ақай елді мекеніндегі денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыстары жүруде. Жосалы кентіндегі денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы былтыр басталды. Нысанның мердігер мекемесі – «Сапақ» ӨК. Сонымен қатар, Қуаңдария ауылындағы 100 орындық клуб үйінің құрылысы жүргізілуде. Бас мердігері «Ахат + ГС» ЖШС. Алдашбай ахун, Т.Көмекбаев, Қармақшы ауылдарындағы су қабылдайтын құрылғыны қайта құру жұмыстары бойынша конкурс жарияланып, мердігер мекемелер анықталуда. Құрылыстағы ең басты талап, әрине, сапа. Құрылыс нысандарының сапасы мен сәні үйлесім табуы тиіс. Бұл бағытта бақылау құрылымдарымен ұдайы бірлесе жұмыс жүргізіп келеміз. Техникалық қадағалау қызметі үнемі құрылыс барысын қадағалап отырады. Олар нысанға тапсырыс берушінің тікелей өкілі болып табылады. Нысан құрылысының жобаға сәйкес жүргізілуі авторлық қадағалау арқылы ұдайы тексерілуде. Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары Сыр елі қарқынды құрылыс алаңына айналды. Зәулім үйлер, шағын аудандардың көбеюі тұрғын үй кезегінің көбесін сөгіп, жаңа серпін әкелді. Тіпті, жыл он екі ай бойы сырбойылықтардың қоныс тойына куә болып та жүрміз. Ал бұл екпіннің елге тұрмыстық түлеу ғана емес, үлкен сәулет салтанатын әкелгенін де айтуға тиіспіз. Алдағы уақытта Байқоңырда да біршама тұрғын баспаналы болса, аудан- да тұрғындарға қызмет ететін нысандардың тұсауы кесілмек, – дейді аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мереке Абатбекұлы.
Аудан көлеміндегі құрылысы жүріп жатқан аталмыш нысандарға зерделеу жұмыстары тұрақты жүргізіліп отырады. Құрылыстың қарқынды жүргізілуі тиісті мекемелер тарапынан ұдайы бақылауда. Себебі, талап – қатал, жұмыс – тұрақты болғанда ғана сапалы нәтиже берері сөзсіз. Ал аталған жұмыстар аудандағы құрылыс бөлімі атқарған жұмысының бір бөлігі ғана. Жыл аяғына дейін әлі де біраз құрылыстың іргетасы қаланып, біршама объектінің іске қосылатыны анық. Барлығына уақыт пен шыдамдылық керек. Кезең-кезеңімен атқарылатын жұмыс сапалы нәтижені талап етеді.
Айнұр ӘЛИ
21 тамыз 2022 ж. 385 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031