» » Туризмді түлетуге арналған акция

Туризмді түлетуге арналған акция

ҰЛТТЫҚ КОЛОРИД БІЗДЕ ДЕ БАР. ТУҒАН ЖЕРДІҢ ӘРБІР ТАУЫ МЕН ТАСЫ, ҚАЛАСЫ МЕН ДАЛАСЫ, ШҮЙГІНІ МЕН ОРМАНЫ КӨНЕНІҢ КӨЗІНДЕЙ. ЖЕРДЕ ЖАТҚАН ҚАЙСЫБІР ТАСЫН ТӨҢКЕРЕ ҚАЛСАҢ, ТАРИХ ЖАЙЫНДА СЫР ШЕРТЕДІ. ТАРИХ ДЕМЕКШІ, «СЫР – ӨРКЕНИЕТ ОРДАСЫ», «СЫР – АЛАШТЫҢ АНАСЫ» ДЕЙМІЗ. СОНЫ КҮЛЛІ ӘЛЕМГЕ ПАШ ЕТІП, ТУРИЗМДІ ДАМЫТЫП ЖҮРМІЗ БЕ?
Туризм қонақ күту деген ұғымнан басталады. Турист – қонағымыз. Оны күтіп, баптап, жағдайын жасап, шығарып салудың өзі зор мәдениет. Қазақ қонағына ат мінгізіп, шапан жауып жібереді. Бұл босқа шашылу емес, қанымызға сіңген дәстүр.
Биік-биік таулары, сарқырап аққан теңізі болмаса да Қармақшының тарихы тереңде. Киелі өңірді толығымен Тұран ойпаты алып жатыр. Қиыр солтүстігінен Арал қарақұмының төбелі келген Жіңішкеқұм және Көлқұдыққұм құмды алабы, орталық тұсында Алақайдың ақтақыры және Жосалы даласы, оңтүстігінде Қызылқұмның төбелі құмдары орналасқан. Аудан жерінің орта тұсынан Сырдария өзені ағып өтеді. Одан Қармақшы, Шиелі каналдары тартылған. Оңтүстігінде Сырдарияның ежелгі арналары – Жаңадария, Іңкәрдария, Қуаңдария өтеді.
«Қармақшы» атауы сонау ХV ғасырдан бастау алады. Қараөзек арнасының Сыр- дария өзенімен қиылысқан жерін ежелгі тұрғындар «Қармақшы өткелі» деп атаған. Ресеймен байланыс орныға бастаған жылдардан бастап осы өткел «Қармақшы форт-2» деп аталған екен. 1904 жылы Орынбор-Ташкент темір жолының іске қосылған кезінен жергілікті жерден жоса бояуы алынатын бояулы тастардың көптеп шығып жатуына байланысты сол төбелердің атымен стансаны «Жосалы» деп атаған. Аудан аумағында Қорқыт ата мазары, «Жетіасар», «Алтынасар», «Шірік- Рабат», «Сырлытам», «Қосқала» секілді көне заманның тарихи-архитектуралық ескерткіштері бар. Соның бірі – архитектурасы ерекше көз тартатын Қорқыт ата кесенесі еліміздегі тарихи ескерткіштер санатына жататын бірден-бір кешен. Сыр бойында орналасқан кесененің құрылысы 1980 жылдары басталған еді. Мұнан соң кешенді қайта қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп, оған арнайы амфитеатр, музей, қылует салынған. Жаңғыртылған баба кесенесін көруге келген туристердің қатары артқан. Мұнда туризмді дамытуға арналған түрлі шаралар бар. Соның бірі жақында ғана бастау алды.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңарту және жаңғырту жолы» атты Жолдауы аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ішкі туризмді дамыту мақсатында «Neo Nomad 20» акциясын бастады. Акцияны іске асыру үшін Қазақстанның тарихи және мәдени маңызға ие 20 көрнекті орындары таңдалып алынған. Бұл тізімге Қорқыт ата кешені енгізілді. Акция шеңберінде «Қорқыт ата» мемориалдық кешенінде арнайы фотоспот орнатылыпты. Бұл – туристердің суретке түсуіне қолайлы фотоалаң.
Акция шартына сәйкес туристер тізімге енгізілген барлық 20 нысанды аралап, фототүсірілімдерде суретке түсу арқылы олардың әлеуметтік желілерде #NeoNomad2022 хэштегімен жүктеуі қажет. Шартты орындаған туристер «NEO Nomad 2022» атағымен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болуға мүмкіндігі бар.
20 көрнекті орынның ішінде біздің өлкедегі «Қорқыт ата» мемориалды кешенінің енгізілгені баршамызды қуантып қойды. Бүгінде кешенге сырт аудандардан келіп суретке түсіп, тарихқа қаныққандар бар. Сонымен қатар жақында Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшісі осында болды.
Айнұр ӘЛИ
13 тамыз 2022 ж. 441 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 312

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 411

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930