» » Құрметті жас достар!

Құрметті жас достар!


Баршаңызды халықаралық Жастар күнімен құттықтаймын!
Жастар қоғамның қозғаушы күші. Ертеңгі елдің бек тірегі, болашақтың бастауы. Сондықтан да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жас буынға айрықша көңіл бөліп келеді.
Жыл сайын дарынды жастарға арналған облыс әкімінің «Сыр үміті» сыйлығы табысталуда. Бұл жалынды жастар үшін – үлкен мүмкіндік.
Ауданымызда жастарды қолдау бағытында «Жастар тәжірибесі», «Дипломмен ауылға» және жастарға арналған «Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз грант» секілді бағдарламалар сәтті жүзеге асуда.
Сондай-ақ, 2022 жылы ауданымыздың жастары білім, ғылым, өнер, мәдениет, спорт салаларында мол жетістіктерге жетіп, биік белестерді бағындырып жүрген жастарымыз жетерлік. Соның бірі, әрі бірегейі – биылғы жылы Мексикада жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан өткен Әлем чемпионатында жерлесіміз Нұрасыл Сәулебеков жеңіс тұғырынан көрінсе, 11-ші рет ұйымдастырылған дәстүрлі «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінде ауданымыздың түлегі Мақсат Исағабылов чемпион атанды.
Білім саласында да жетістіктеріміз мол. Күні кеше мемлекеттік грант иелерінің қорытындысы шығып, 2022 жылы 594 мектеп бітірушінің 473-і конкурсқа қатысып, 373-і, яғни 79 пайызы еліміздегі жоғарғы оқу орындарының мемлекеттік грантына қол жеткізді. Бұл көрсеткіш шығармашыл және әскери мамандықтар бойынша да толығады деп күтілуде.

Құрметті жастар!
Алдағы уақытта да білім мен біліктіліктеріңізді тәуелсіз еліміздің өркендеуіне арнап, жастар саясатын дамытудағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына үлес қоса беретіндеріңізге сенімдемін.
Сіздердің әрқашанда игі бастамаларыңыз сәтті, болашақтарыңыз баянды болсын!
Еліміздің кемел келешегін нығайтудағы еңбектеріңізге зор табыс, мықты денсаулық, елімізге береке-бірлік тілеймін!

Құрметпен, Қармақшы ауданының әкімі
Ерсұлтанов Әділбек Бөрібайұлы
13 тамыз 2022 ж. 628 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 210

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930