» » Айбек ЖҰМАХМЕТ: «Бұл бастаманың жастар үшін берері мол»

Айбек ЖҰМАХМЕТ: «Бұл бастаманың жастар үшін берері мол»

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетінде «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын жариялады. Мұнда көптеген келелі мәселелер қамтылып, айшықты ойлар айтылды. Өткенге шолу жасалып, болашаққа бағдар берілді. «Біз не істесек те, бәрін келер ұрпақ үшін жасаймыз. Мемлекеттік саясаттың болашақ алдындағы жауапкершілігін терең сезінеміз. Бұл ұстанымнан ешқашан айнымаймыз. Ең ғажайып ерліктер Отанға шексіз сүйіспеншіліктен туындайтыны сөзсіз. Шын отансүйгіштік дегеніміз – жалаң ұран тастау емес, еліңе, халқыңа қызмет ету» дейді Мемлекет басшысы. Расында, бүгінгі атқарылған іс те, ертеңгі жоспар да – бақытты болашаққа бастар қадамдар.
Сондай-ақ мақалада «Ел ертеңі – жастар» деп жас буынға көбірек көңіл бөлінген. Кемел келешектің иесіне жағдайды бүгіннен жасау қажеттігін айтты. «Жастар – қашанда тың идеялардың қайнар көзі, оң өзгерістердің қозғаушы күші. Сондықтан өскелең ұрпақтың осындай әлеуетін дұрыс арнаға бағыттап, тиімді пайдалануымыз керек. Осы орайда Президент жанындағы Жастар кеңесінің қызметін жандандырған жөн. Оны білікті әрі білімді жастарды жұмылдыратын жүйелі жұмыс алаңына айналдырамыз. Бұдан бөлек, мен азаттық жылдарында дүниеге келген, әлі танылып үлгермеген талантты жастарды қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты грант тағайындауды ұсынамын» деген сөзіне азат елде өмір есігін ашқан әрбір жанның қуанары анық. Себебі бұл жастарға берілген үлкен мүмкіндік. Жастарды қолдауға арналған мұндай бастамалардың болашақта берері мол екеніне күмәніміз жоқ.
Айбек ЖҰМАХМЕТ,
аудандық жастар ресурстық орталығының аға кеңесшісі


05 қаңтар 2021 ж. 993 1

Аружан от 5 қаңтар 2021 18:41
ЖАРАЙСЫЗ!!!ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДА ТӘЖІРИБЕҢІЗ МОЛ!

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 113

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930