» » Жақында жаңа клуб құрылысы аяқталады

Жақында жаңа клуб құрылысы аяқталады

Адам бойына ұлттық құндылық пен мәдениет – ән, күй, тағылымды көрсетілім арқылы дариды. Таң атқаннан кеш батқанға дейін күйбең тіршіліктің қамымен жүрген ауылдағы ағайынның бір сәт ерекше сезімге бөленіп, рухани толысатын, сананы сауықтыратын мекені де осы – ауылдағы клуб үйі.
Мәдениет қызметкерлері даярлаған шығармаларының көрермен көңілі төрінен орын алуы ғимарат ішіндегі аураның, жанға жағымды жағдайдың болуына тікелей байланысты. Содан да болар бүгінде ауылдық округтердегі клубтарды жаңарту, қайта салу ісіне атқамінерлер шындап мән бере бастады. Мәселен, «Мәдениет объектілерін дамыту» бюджеттік бағдарламасына сәйкес Қуаңдария ауылындағы 100 орындық клуб құрылысына 2018 жылы 7591 мың теңгеге ЖСҚ әзірленген. 2021 жылы «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен жалпы құны 191 661,0 мың теңгеге ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жарияланып, қорытындысымен «Ахат+ГС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаз болып табылады. Нәтижесінде құны 165 288 415,82 теңге болатын 100 орындық клуб үйінің құрылысы басталды.
Ауылдық округ әкімі Ардақ Аймырзаевтың айтуынша, құрылыс былтыр қазан айында басталған. Мердігер мекеме осы жылдың қыркүйегінде ғимарат құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр.
– Жаңа клуб – ауыл тұрғындарының көптен күткен қуанышы. Биыл ісіміз оңынан болып, нысанның құрылысы қолға алынды. Барша ауыл тұрғындары демалыс уақыттарын тиімді өткізуге мүмкіндік беретін мәдениет ошағының салынып жатқанына өте қуанышты. Бұйырса санаулы сәттерден соң мәдениет ошағы есігін айқара ашып, мерекелік іс-шаралар өткізуге, балаларды ән, би, мәнерлеп оқу сияқты түрлі үйірмеге қатыстыруға, олардың мәдениетін арттыруға септігін тигізері сөзсіз, – деді ол.
Жоба жүзеге асырылған соң жоспар бойынша бірінші кезекте тұрақты жұмыс орындары ашылмақ. Болашақта мұнда түрлі үйірме ашылып, ауыл тұрғындары концерт, қойылымдардың көрермені болады. Расымен, жуық арада пайдалануға берілетін нысан ауылдағы ағайынға жасалған тамаша сый болмақ.
Айнұр ӘЛИ
04 тамыз 2022 ж. 438 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930