» » Жасөспірімдер қылмысы көбейіп кетті

Жасөспірімдер қылмысы көбейіп кетті

Соңғы уақытта елді елең еткізіп, алдын алуға тиіс басты мәселелердің біріне айналып отырған жасөспірімдер қылмысы неге көбейіп кетті? Доп қуалап, мектептің тапсырмасына бас қатырып отыратын шақтарында қолына қару алуына не себеп болды?
«Арыстандай айбатты, жолбарыс­тай қайратты мен жастарға сенемін» дейді Мағжан Жұмабаев. Жастық қуат пен ішкі жалын бойын билеген елдің болашағы балалардың бос уақытының дұрыс ұйымдастырылуы, қоғамға араласып, арманына алғашқы қадамды жасап, пайдалы іспен айналысуы – тұлға ретінде қалыптасуының іргетасы. Осы орайда кәмелетке толмаған балалардың бос уақыты қалай ұйымдастырылатынына ата-ана, білім беру ұйымдары, жергілікті әкімшіліктің жауапты екенін ескеру керек.
Мектеп жасындағы оқушылар арасында құқық бұзушылық, түрлі деңгейдегі қылмыстың орын алуы «өтпелі кезеңдегі» жасөспірімдердің құбылмалы мінез-құлық, еліктеушілігінен туындайды деп бағамдағанмен, «тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» деген Абай өлеңін еріксіз ойға оралтады. Қазіргі күні де топтық төбелес, жабылып ұрып кету ісі саябырлаған жоқ. Төбелеске не түрткі болғаны бізге белгісіз. Дегенмен елдің әр өңірінде осындай кішкентай оқиға барысында адам қазасы орын алып жатқанын естиміз. Төбелестің арты қайғылы оқиғаларға, ауыр қылмысқа апаруы мүмкін.
Сонымен қатар, баланың аты бала. Жасөспірім шақ біліммен қатар ойынның да түбін түсірер кезең. Атап айтқандай, мінез-құлықта алып-ұшып қалыптаса бастайды. Ата-ананың ақыл-кеңесін де бірде тыңдап, бірде тыңдағысы келмей, еркін жүргісі келетін түсініксіз, қызықтау мезгіл. Олардың өмірге деген қөзқарастары бұлыңғыр әлеуметтік жайсыздықтарға, күн көрушілік қиын­дықтарға төтеп беруге саналары жетпей, екі ойлы болып жүретін кездері. Жасөспірімдер дәл осындай шақтарында түрлі құқық бұзушылықтарға ұрынып қылмыс жасап немесе өздеріне қол жұмсап жатады.
Осы сәтте аудан көлеміндегі кәме­летке толмағандар ісімен айналы­сатын ювеналдық полиция қызметінің арқалайтын жүгі жеңіл емес. Жасөс­пірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, олардың саламатты, сала­уатты азамат болып өсуі үшін тәрбие жұмысын жүргізу өте қажет. Кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын құқық бұзушылықты болдырмау және оған жол бермеу мемлекетіміздің саясатының да басым бөлігі болып саналады. Қай сала болсын жасөспірімдердің құқығы қорғалып отыруға тиіс. Кәмелет жасына толмаған балалардың түнгі сағат 22:00-ден кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық орындарында, 23:00-ден кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын-жайдан тыс жерде жүруіне заң бойынша тыйым салынған. Сонымен қатар, кезбе балалардың ата-аналарына әкімшілік шара көріледі.
Мәселе, ағымдағы жылдың шілде айының 13 жұлдызында аудан әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте аудан­дағы жастар арасындағы топтық төбелес әлі де орын алып отырғандығы, бұл бағыттағы тәртіпті сақтауға, болдырмау бағытында жұмыстарды жандандыру бойынша мәселе көтерілді. Аудандық білім бөлімі мен полиция бөлімінің бірлесе жасаған іс-қимылдарына қарамастан жасөспірімдерді бақылауда ұстап отыру қиындық тудыруда. Мәжіліс барысында бұл бағыттағы жұмыстарды әлде де жетілдіру керектігі еске салынды. Расында, ауданымызда кәмелетке толмағандар арасында топтық төбелес көбеюде.
Жалпы, жасөспірімдермен жасала­тын қылмыстар мен құқық бұзу­шы­лықтардың алдын алу мақсатында ауданымызда аудандық полиция бөлімімен «Жасөспірім», «Балалар түнгі қалада», «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», «Аб­айлаңыз – балалар!», «Демалыс» жә­не т.б. жедел-профилактикалық іс-ша­ралар  жү­зеге асырылып келеді. Дегенмен де, құзырлы органдармен жасалып жатырған түсіндірме жұмыстарына қарамастан ағымдағы жылдың 6 айында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде жүрген 98 жасөспірімге, кәмелет жасына толмаған жасөспірімнің түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 4 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды. 
Жасөспірімдердің саламатты өмірге деген құлшынысын демеп, сабақтан тыс кезде спортпен айналысуға оңтайлы жағдай жасалса, тәртіпке бас иген дені сау ұрпақ тәрбиелеуге әбден болады. Бұдан бөлек адами қасиеттерді білім ордаларында тереңінен ұғындыру да керек. Әрбір ата-ана балаларының алдындағы жауапкершілікті сезініп, баланың тәр­биесін қолға алуы, оның қауіпсіздігін үнемі бақылауда ұстауы тиіс. Ал, полиция инспекторлары «балаңыз қылмысқа ұшырап қалмасын» деп отыратын жана­шырыңыз.
Ендігі уақытта аудан жастары Қармақшыда кез келген мектептің спорт­залын салауатты өмір салтын қа­лыптастыру бағытында пайдаланса құп. 
Қармақшы аудандық
полиция бөлімі, жергілікті
полиция қызметі
28 шілде 2022 ж. 628 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 066

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031