» » Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу

Жергілікті полицияға жүктелген міндеттердің бірі – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу. Жыл сайын жаз маусымы басталып, оқушылар демалысқа шыққанда жасөспірімдердің тәртібін қадағалайтын жергілікті полиция қызметінің жұмысы екі есе көбейеді. Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22:00-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы және түнгі сағат 23:00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған. Оқушылар демалысқа шығып, мектеп сабағы мен үй тапсырмасынан қолдары босаған уақыттарында, жоғарыда айтылған ережелерді барлығы бірдей сақтай бермейді.
Есепті мерзімде полиция қызметкерлерімен түнгі мезгілдерде ата-анасыз жүрген 98 жасөспірім анықталып, олардың заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік шаралар көрілген.
Әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытында немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді.
Сонымен қатар, қазіргі таңда бала еңбегін пайдалану проблемасы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бала еңбегін қолдану дерегі көбіне адамдардың бұл мәселе жайында хабары болмауымен, ауыр еңбектің баланың дамуына тигізер зиянын білмеуімен сипатталады. Жаз болса бірден баласын жұмысқа орналастырып қоюды көздейтін әке-шешелер бар қоғамда. Әсіресе ойын-сауық орындарында даяшы қызметімен айналысу. Түнгі сағат 22:00-ден кейін жасөспірімнің заңды өкілінсіз ойын-сауық орнында болуы заң бұзушылық болып есептеледі. 2022 жылдың 6 айы көлемінде Қармақшы АПб ЖПҚб қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының 1 бөлігімен кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22:00-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болғаны үшін 4 құқық бұзушылық анықталған.
Сондықтанда Қармақшы АПб ЖПҚб қызметкерлерімен кәсіп нысандарының иелеріне бала еңбегін заңсыз пайдаланбау керектігі жөнінде профилактикалық түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.

#Қармақшы АПб ЖПҚб

14 шілде 2022 ж. 703 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031