» «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі

«Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі


Қармақшы ауданы көлемінде 2022 жылдың маусым айының 27-29 күндері аралығында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Осы орайда Қармақшы ауданының Полиция бөлімі қызметкерлерімен қоғамға қарсы бағытталған кәмелетке толмағандардың топтарын, әсіресе тәуліктің кешкі және түнгі уақытында жүрген жасөспірімдерді анықтауға, оларды профилактикалық әңгімелесу жүргізу, жеке басын және ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ілесіп жүруінсіз осы немесе өзге де орындарда болу себептерін анықтау мақсатында жұмыстар жүргізіледі.
Елімізде заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22:00-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы және түнгі сағат 23:00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған.
Іс-шара аясында рейдтік жұмыстар ұйымдастырылып, полиция бөлімі және білім беру ұйымдарының өкілдерімен бірлесіп, жастар көп жиналатын орындар, ойын-сауық орындары араланып, профилактикалық есепте тұратын «Қолайсыз отбасылар» және жасөспірімдердің тұрғылықты мекен-жайларынан профилактикалық бағыттағы тексеру жұмыстары жүргізілетін болады.

Қармақшы АПб ЖПҚб

---
27 маусым 2022 ж. 724 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 410
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728