» » Жастар жайы елеусіз емес

Жастар жайы елеусіз емес

Жастар қашанда қоғамның қозғаушы күші. Олар өзіндік күш-жігерімен, тың идеясымен болашақтың тұтқасы болып келеді. Біз білетін қазақтың батыры, ақыны, жазушысы да жастайынан әлемге танылды. Бүгінгі жас солардың ізін басып келе ме?
Осы кезге дейін мақалаға арқау болған тақырыптың бірі – жастар жайы. Мақтандық, марқайдық, тіпті сынап та алдық. «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты» жалындаған жастарға иек артып жүрміз. Иә, елдің өсіп өркендеуі үшін, жас маман ойының ұшқырлығы, тың идеясы өте маңызды. Көпшілікті толғандыратын мәселе бар. Жастар жалындап жүр ме? Сауалға жауап іздеп аудандық Жастар үйіне ат басын тіредік. Нәтиже де көңіл қуантады. 2016 жылдың қараша айынан бастап «Қармақшы аудандық Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылып, бүгінде орталыққа Сырым Әділбеков басшылық етеді.
Жалпы ауданда халық саны 53781 болса, оның ішінде 14-29 жас аралығындағы жастар – 12 121, 15-28 жас аралығында – 11053 жасты құрайды екен.
– Аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен биылғы І жартыжылдық қорытындысы бойынша әртүрлі бағытта – 128 іс-шара ұйымдастырылып, 2500-ден аса жас қамтылған болатын. Мәселен, Т.Ізтілеуовтің 140 жылдығына мектеп оқушыларымен аудандық кітапханада экскурсия өтті. «30 игі іс» жобасы аясында қаңтар оқиғасына байланысты блок-бекеттердегі полиция қыметкерлеріне азық-түлік таратылды. 18 наурызда Ұлыстың ұлы күні мерекесі қарсаңында жастар ресурстық орталығында «Берекенің бастауы – Әз Наурыз» тақырыбында Жастар үйі ғимаратында мерекелік шара өткізілді. «Жау жүрек мың бала» жобасы аясында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында мектеп оқушылары арасында аудандық әскери патриоттық сайыс өткізілді. «Жүз шайыр» дебат клубының ұйымдастыруымен жастар арасында ай сайын пікір-сайыс өткізіліп келеді. Әрі жастар арасында қоғамдық маңызы бар тақырыптар қозғалып, жастарымыздың бұл бағытқа деген қызығушылығы артуда, – дейді орталық директоры.
«Тұлға тану» жобасы аясында жастардың жалынды жетекшісі Ғ.Мұратбаевқа 120 жыл толуына орай, тарихи танымдық сағат өткізілген. І жартыжылдық бойынша қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстардың, сондай-ақ адам өмірі мен денсаулығына қол сұғушылықтың, жастар арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары бойынша аудан әкімдігінің бөлімдері мен құқық қорғау органдары қызметкерлері бірлескен топ құрылған. Олар түнгі 21.00-01.00 аралығында рейд жұмыстарын жүргізеді. Екі ай көлемінде 8 рейд ұйымдастырылып, 2 жасөспірімге әкімшілік құқықбұзушылық бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынған.
2 кент және 12 ауылдық округтер бойынша 15-28 жас аралығындағы жұмыссыз және NEET санатындағы жастарды анықтау үшін кент, ауылдарды аралап электронды сауалнама алыныпты. Алынған сауалнамалар жүйеге енгізіліп, автоматты түрде облыстық Жастар ресурстық орталығына түсіп отырады. Қазіргі таңда аула аралау арқылы 5126 жастан сауалнама алынып, оның ішінде 553 жас NEET санатына іліккен. Оның ішінде, 229 жас жұмыспен және оқумен қамтылып, қазіргі таңда 324 жастың статустарын өзектендіру, яки жұмыспен қамту жұмыстары жалғасуда.
Мамандардың айтуынша, мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар бойынша Жастар ресурстық орталығына келіп кеңес алған 14-29 жас аралығындағы жастар саны – 281. Оның ішінде «Жасыл ел» – 211 жас, кәсіпкерлік – 16 жас, әскерге шақыру – 4 жас, дебат ойындары бойынша – 50 жас. Ал мемлекеттік бағдарламаларды жастар арасында насихаттау мақсатында 44 кездесу өткен. Сонымен қатар, Жастар ресурстық орталығының атқарылған жұмыстары орталықтың әлеуметтік парақшаларында тұрақты түрде жарияланып отырады.
– Адам өзін тәрбиелей алу керек. «Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» дейді ғой. Армандай біл. Одан соң мақсат қой. Сол арманның жолында нендей кедергі болмасын жеңуге ұмтылыңыз. Өз-өзіңді батылдыққа тәрбиеле. Сүріндің, бірақ бұдан өмір тоқтап қалған жоқ. Талпын. Діттеген мақсаттың жолын ашу үшін кедергіге мойынсұнбау қажет. «Ол кім, мен кіммін? Нендей жетістікке жеттім?» деген сауал сананы мазалай беруі керек. Бастысы – өзіндік «менді» оятып, осы сауалға жауап табу. Әр жастың санасында осындай қарапайым мотивация болуы керек. Осы ұстанымды жастарға құя білгенде ғана жастар жалындай алады, – дейді аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Сырым Әділбеков сөз арасында.

Айнұр ӘЛИ
16 шілде 2022 ж. 358 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 383

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 462

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930