» » QOǴAMǴA QYZMET: «JasА»

QOǴAMǴA QYZMET: «JasА»

Жасыратыны жоқ, бүгінгі қоғамда кейбір жастан ұлттық сана-сезім мен ділінің, азаматтығы мен патриотизм дең­гейінің төмендігі байқалады. Оған құлақ естіп, көз көріп жүрген талай іс куә. Рухани құндылықтың орнына батпандай салмақ артып материалдық дүние келді. Ал ол жастардың азаматтық міндетін немқұрайлы атқарып, әлеуметтік әлсіздік пен рухсыздыққа бой алдырары белгілі. «Арыстандай айбатты, жолбарыс­тай қай­ратты, қырандай күшті қанатты» жа­лындаған жастарға әлі де иек артамыз.
Иә, елдің өсіп өркендеуі үшін жас маман ойының ұшқырлығы, тың идеясы өте маңызды. Оның ішінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен «Аза­маттық бас­тамаларды қол­дау ор­талығы» КЕАҚ мем­лекеттік гранты бо­йынша биылғы мамыр мен қараша айының аралығында «JasA» жобасы жүзеге ас­ырылған болатын. Жоба – өмір сүретін ортаны жақсартуға (урбанистика) және жергілікті қоғамдастықтарды яки қала мен ауыл деңгейін да­мытуға бағытталған. Нысанасы – жастар бастамасын қолдау үшін жүзеге асады. Мақсат – олардың әлеуметтік белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігін арттыру.
Жалпы жобада командалық жұмыс, коммуникация және көшбасшылық, қызықты оқыту, әлеуметтік шаралар арқылы жас­тардың осал санатын қоғамға бейімдеу, өмір сүру ортасын жақсартуға бағытталған нақты әлеуметтік іс-әрекет арқылы жергілікті қоғамдастық өміріне жастар мен жастар ұйымының қатысуын арттыру көзделген.
– Жоба тың идеясы бар жастарға ар­налған. Әр жастың санасында «мен елге қандай қызмет істедім?» деген сауал сайрап тұруы қажет. Сол сауалды қойған ауданның бірқатар жасы топтық жұмыс әзірлеп, жобада бағын сынады. Нәтиже жаман емес. Ауданда екінші кезеңге өткен жастар бар, – дейді аудандық жастар ре­сурстық орталығының директоры Әділ Ыбрахим.
Жобаның мақсаты да сол – елге, қоршаған ортасына қызмет ету. Мәселен, бір жас белгілі бір саябақты жоспарына алады. Сол жерді көркейтіп, түрлі идеясымен әртараптандыру қажет. Осылай жастардың еліне деген патриоттық сезімінің ұлғаюына бір қадам жасайды. Аудан бо­йынша екінші кезеңге жолдама алған команда жастар үйі жанынан «Жаса» жастар коворкинг орталығын ашу жобасын ұсынған.
Жоба жетекшісі Жа­­­нат Бо­латбекқызының айтуынша, мұн­дай орталық жастардың уақытын тиімді өткізуге оңтайлы. Оның ішінде әлеуметтік осал топтағы жастардың да қоғамдағы орнына айрықша көңіл бөлінеді.
– Жобаны Фариза Дастан­қызы, Гүлнұр Батырқызы, Сү­лей­мен Рахымбекұлы, Аружан Жандосқызымен бірлесе әзір­ледік. Се­бебі мұнда топтық жұ­мыстың нәтижесін көрсету керек. Мұратымыз – қоғамға қызмет ету. Сол қызмет жолында аянбай еңбек етеміз, – дейді Жанат Шаймерден.
Жоба ұйымдаст­ыру­шы­ла­ры­ның мә­ліметінше конкурстан жа­лпы 1300 жас өткен. Ал облыс бойынша қанша жоба, қанша адам өткені жайында нақты мәлімет жоқ. Қазіргі таңда жас­тар екінші мәрте ұсыныс беруде. Алдағы уақытта жоба өз кезеңін жалғастырып, талай жастың қоғамға қызмет етуіне жол ашпақ.

Айнұр АЙДАРҚЫЗЫ
20 қыркүйек 2019 ж. 963 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 056

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031