» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Құрметті аудан тұрғындары! Қымбатты жерлестер!
Сіздерді мұсылман қауымының ең ұлық мерекесі – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Құрбан айт мейрамы – ежелден мұсылман қауымының бейбітшілік, бірлік, мейірімділік сияқты адамгершілік құндылықтарды нығайтатын, елдің береке-бірлігін бекемдейтін, қанағат пен қайырымдылықты арттыратын мейрам.
Бүгінгі күні Құрбан айт қазақстандықтардың рухани өмірінде, қоғамның ауызбіршілігін бекемдеуде маңызды оқиғаға айналды. Мейрам күндері көпшілік Құрбан шалып, бір-біріне қамқорлық көрсетіп, мұқтаж жандарға қолдау танытып, ізгі амалдар жасауға асығады. Алла Тағалаға сыйынып, ел тыныштығы мен халық бірлігін, отбасының амандығын тілейді, жетім-жесірлерге, жоқ-жітікке қайырымдылық көрсетеді, бір-біріне ізгі тілектерін жолдап, имандылыққа шақырады.
Қадірменді жерлестер! Елді бірлікке шақыратын Құрбан айт мерекесі құтты болсын! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, әр отбасына қуаныш пен жақсылық тілеймін.
Ізгі ниетпен, Қармақшы ауданының әкімі ӘДІЛБЕК ЕРСҰЛТАНОВ
09 шілде 2022 ж. 558 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 994
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 224

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031