» » Аудан әкімі Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Аудан әкімі Құрбан айт мерекесімен құттықтады


ҚҰРМЕТТІ ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!
Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрбан айт – кең пейілділік пен жомарттықтың, бауырмалдық пен қайырымдылықтың мерекесі.
«Исламда Аллаға ұнамды әрбір іс – садақа». Жетімнің басын сипасақ та – садақа. Жолаушыға кедергі келтірер кез келген затты жолдан алып тастау да – сауап. Құрбандық еті ағайын-туыс, көрші-қолаң, тұрмысы төмен отбасыларына, жетім мен жесірлерге, мүгедектер мен сырқат жандарға таратылады. Мұндай игі амалдар адамдар арасында мейірім, қамқорлық, кешірім, қайыр-шапағат секілді көркем мінез бен жақсы қарым-қатынас қалыптастырады. Алланың разылығы үшін құрбан шалу арқылы пенденің иманы күшейіп, тақуалығы артады.
Өздеріңізге белгілі бұл мерекені ерекше жағдайда өткізгелі отырмыз. Өйткені әлемде жайлаған індет бүгінгі күні барша халыққа зардабын тигізуде. Сондықтан да барынша сақтық шараларына баса мән беріп, қоғам саулығы үшін барынша жеке санитарлық талаптардың орындалуына баса назар аударған абзал.
Жеке адамның жауапкершілігі-жалпы халықтың саулығының негізі.Тұрғындарымыз күнделікті қарым-қатынаста қарапайым санитарлық қауіпсіздікті сақтауды үнемі назарда ұстауымызқажет.
Қадірменді ағайын!
Ұлттар мен ұлыстарды мейірімділікке, игілікке, бірлікке үндейтін ұлық мереке – Құрбан айт мүбәрак болғай, ағайын. Жаратушы Иемізден отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық, кәсіптеріңізге адалдық пен береке тілеймін!
Құрбан айт мерекесінде жасаған барлық ықылас – ниеттеріңіз қабыл болсын!
Құрбан айт баршамызға мүбәрак болсын!
Ізгі ниетпен,
Қармақшы ауданының әкімі Қайрат Нұртай
20 шілде 2021 ж. 334 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930